Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясы Төрағасының

2016 жылғы «11» сәуірдегі № 47-н/қ бұйрығына қосымша

 

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАРЫ

 

Құрылымы

Кіріспе

I Қызметінің негіздері

II Ағымдағы жай-күйді бағалау

III Тексеру комиссиясын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған перспективалық бағыттары

1 Мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды енгізу

1.1 Әдіснамалық және құқықтық негіздер
1.2 Аудиторлық қызмет және қаржылық бақылау
1.3 Сараптамалық-талдамалық қызмет
1.4 Тексеру комиссиясы шешімдерінің орындалуына мониторинг жүргізу
1.5 Сапаны бағалау және ішкі аудит
1.6 Адам капиталын басқару

2 Тексеру комиссиясының ақпараттық жүйесін дамыту

3 Тексеру комиссиясының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы
3.1 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен, мәслихатпен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл

4 Қорытынды

IV Перспективалық жоспарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

 

Миссиясы және пайымы

 

Бюджет қаражатын пайдалану кезінде қаржылық тәртіпті сақтау мен жақсарту саласындағы негізгі пәрменді тетіктердің бірі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау болып табылады.
Өңірлерде мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру және оның тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында «Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 Жарлығына сәйкес Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясы (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) құрылды.
Тексеру комиссиясының миссиясы Алматы қаласының аумағында қаржылық тәртіпті нығайту және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады.
Тексеру комиссиясының пайымы - мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау жүйесін нығайтудың нәтижесі ретінде мемлекеттік қаржылық тәртіптің деңгейін арттыру болып есептеледі.
Тексеру комиссиясының қызметін тиімді ұйымдастыру үшін ұзақ мерзімді мақсаттар мен стратегиялық бағыттарды дұрыс айқындау қажет.
Перспективалық жоспарлауды енгізу Тексеру комиссиясының миссиясын іске асыруға ұмтылумен байланысты болады.
Перспективалық жоспардың мақсаттары мен міндеттерін іске асыру ұйымдастырушылық және функционалдық сипаттағы жүйелі шаралар кешенін қабылдауды қажет етеді.
Осы Перспективалық жоспар Тексеру комиссиясы қызметінің бес жылға арналған негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайды.

 

I. Қызметтің негіздері

 

Тексеру комиссиясы сыртқы мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың уәкілетті органы болып табылады.
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес, Тексеру комиссиясының құзыреті тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде айқындалған, атап айтқанда:
1. Мыналардың:
1) өзінің мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылатын есепті қаржы жылы үшін жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп дайындай отырып, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес жергілікті бюджетті жоспарлаудың және атқарудың;
2) байланысты гранттарды, бюджеттік инвестицияларды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды және мемлекет активтерін пайдаланудың;
3) жергілікті атқарушы орган мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың немесе экономиканың жеке алғандағы саласының, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік басқару салаларының дамуына әсерінің;
4) тиісті бюджетті атқару және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша өзге де бағыттар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуының;
5) жергілікті атқарушы орган мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау негізділігінің, олардың іске асырылуының және жүзеге асырылу тиімділігінің;
6) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алуға бөлінген (жұмсалған) жергілікті қаржы ресурстарының мөлшері мен сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық құны арасындағы айырманы бағалауды қоса алғанда, баға белгілеудің;
7) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың;
8) салықтық әкімшілендірудің;
9) шарттардың;
10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы;
11) ақпараттық технологиялар саласындағы;
12) мемлекеттік аудит объектілері қызметінің тиімділік аудитін жүзеге асырады.

2. Мыналарға:
1) мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына;
2) жергілікті атқарушы органның және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарт талаптарын орындауына;
3) жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің, бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығы мен уақтылығына, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазудың дұрыстығына;
4) жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануға;
5) жергілікті бюджеттен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өздеріне бөлінген қаражатты қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкестігі бойынша пайдалануына сәйкестік аудитін жүзеге асырады.

3. Жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне аудит жүргізеді.
4. Тексеру комиссиясы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде:
1) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шаралар қолдануды қамтамасыз етеді;
2) сыртқы мемлекеттік аудит жүргізумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектілері лауазымдары адамдарының тиісті ақпаратын тыңдайды;
3) мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша лауазымды адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы оларды тағайындаған адамдарға ұсыныстар енгізеді;
4) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары барысында анықталған (анықталатын) бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қолданады;
5) лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін сақтамауының анықталған фактілері бойынша, сондай-ақ тиімділік аудитінің нәтижелері бойынша мәслихатқа ұсыныстар енгізеді;
6) құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, өз қызметі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

II. Ағымдағы жай-күйді бағалау

 

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесі мемлекеттік реформалардың алдыңғы шебінде тұр, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасы бекітілді, халықаралық тәжірибеге сүйене отырып «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қабылданды.
Алматы қаласы Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің бестен бір бөлігін және мемлекеттік бюджетке түсетін бүкіл кірістердің төрттен бір бөлігін қамтамасыз етеді.
2013 жылы жергілікті бюджетке – 381,9 млрд.теңге, 2014 жылы – 468,9 млрд.теңге, 2015 жылы 525,5 млрд.теңге түсті.
2013 жылы бюджет шығыстары - 354,0 млрд. теңге, 2014 жылы – 425,4 млрд. теңге, 2015 жылы 525,5 млрд. теңге болды.
Қазіргі уақытта, Алматы қаласында 38 мемлекеттік орган, 255 мемлекеттік мекеме, 241 коммуналдық қазыналық кәсіпорын, 94 шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын, 2 мемлекеттік қор, 5 АҚ, 25 ЖШС жұмыс істейді.

 

Әдістемелік және құқықтық негіздер


Заңның 12-бабы Тексеру комиссиясының қызметін әдістемелік қамтамасыз етудің құқықтық негізі болып табылады, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) аталған бапты басшылыққа ала отырып ұдайы негізде  нормативтік-құқықтық базамен қамтамасыз етіп отырады, әдістемелік, құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.
Тексеру комиссиясы өзінің функцияларын іске асыру барысында Заңды, Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Тексеру комиссиясының Ережесі мен Регламентін басшылыққа алады.

 

Бақылау қызметі және мемлекеттік аудитке көшу


Тексеру комиссиясының маңызды функцияларының бірі болғандықтан, бақылау қызметі жоспарлау кезеңінен бастап Тексеру комиссиясының шешімдерінің орындалуына мониторинг жүргізуге дейін бір жүйеге түсірілген. Бақылау қызметін жүзеге асыру «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасын бекіту туралы» Есеп комитетінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 3-НП нормативтік қаулысымен және жоспарлау кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесімен регламенттеліп келген еді.
Үстеме бақылауды қоса есептегенде, Тексеру комиссиясы өз қызметін бастаған сәттен бері 380 объектіде 101 бақылау іс-шарасын өткізді.
Жалпы бақылау іс-шараларымен 805,2 млрд.теңге қамтылды, соның ішінде 2011 жылы – 1,4 млрд.теңге, 2012 жылы – 191,3 млрд.теңге, 2013 жылы 118,1 млрд.теңге, 2014 жылы – 194,1 млрд.теңге, 2015 жылы – 300,2 млрд.теңге.
Жалпы сомасы 352,5 млрд.теңге мөлшерінде бұзушылықтар анықталды, соның ішінде 2011 жылы – 0,3 млрд.теңге, 2012 жылы – 14,4 млрд.теңге, 2013 жылы – 12,9 млрд.теңге, 2014 жылы – 49,4 млрд.теңге, 2015 жылы – 275,5 млрд.теңге.
Бақылау объектілері қалпына келтірілуге (өтелуге) жататын 86,8 млрд.теңгенің 78,6 млрд.теңгесін қалпына келтірді (өтеді), соның ішінде 2011 жылы – 45,2 млн.теңге, 2012 жылы – 924,6 млн.теңге, 2013 жылы – 1,5 млрд.теңге, 2014 жылы – 27,8 млрд.теңге, 2015 жылы – 48,2 млрд.теңге.
Заңның қабылдануына байланысты аудиторлық қызметті жүзеге асыру мәселесі тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін ескере отырып, «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №17-НҚ нормативтік қаулысымен регламенттеледі.

 

Талдамалық және құқықтық қызмет


Талдамалық қызмет Алматы қаласының Мәслихатына Тексеру комиссиясының есебін – жергілікті атқарушы органның есепті жыл ішіндегі  есебіне қорытындыны дайындау шеңберінде жылдың қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
Тексеру комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес жергілікті бюджетті атқару кезіндегі проблемаларды айқындап тұжырымдау мақсатында талдамалық баяндамалар дайындалып, талдамалық іс-шаралар өткізіледі.
Тексеру комиссиясының қызметіндегі ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері және Алматы қаласының Мәслихатына ұсынылатын жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жыл сайынғы есептер Тексеру комиссиясының web-сайтында (www.revcom-almaty.gov.kz) жарияланып тұрады.
Заң қызметі материалдарға, сондай-ақ Тексеру комиссиясының басқа да құжаттарына олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігі мәніне құқықтық сараптама жүргізеді, құрылымдық бөлімшелерге заңдық тұрғыдан қолдау (көмек) көрсетеді, сондай-ақ құқық қорғау және сот органдарында Тексеру комиссиясының құқықтары мен мүдделерін құқықтық тұрғыдан қорғауды жүзеге асырады.

 

Тексеру комиссиясы шешімдерінің орындалуына мониторинг жүргізу


Өткізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы бақылау объектілері орындауға міндетті қаулылар түрінде шешімдер қабылдайды.
Көп жағдайда бұл шешімдер формалды сипатта болады және бақылау объектілерінің қызметін ұйымдастыруға және заңнамадағы олқылықтарға байланысты жүйелі проблемалар мен кемшіліктерді шешуге бағытталмаған.
Осының салдарынан жекелеген мемлекеттік органдар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері дәл осындай бұзушылықтарды жылдан жылға қайталауда, бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтарының себептерін жою мәселесіне үстірт қарауға жол беруде.
Тексеру комиссиясы (қызметін бастаған сәттен бері) жалпы 101 қаулы қабылдады, соның ішінде 2011 жылы – 7, 2012 жылы – 25, 2013 жылы – 23, 2014 жылы – 25, 2015 жылы – 21 қаулы.
Сондай-ақ 78 қаулы толығымен орындалып, бақылаудан алынды, соның ішінде 2011 жылы – 6, 2012 жылы – 23, 2013 жылы – 19, 2014 жылы – 18, 2015 жылы – 12 қаулы.
Қызмет басталған уақыттан бері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және бақылау объектілеріне 662 ұсыным мен тапсырма жолданды.
Қызмет басталған кезден бері құқық қорғау органдарына іс жүргізу шешімін қабылдау үшін бақылау іс-шаралары бойынша 14 бақылау материалы табыс етілді.
Сот органдарына 14 материал берілді, соның ішінде 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кінәлі тұлғаларға жалпы сомасы 3,9 млн.теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Қызмет басталған уақыттан бері уәкілетті органдарға әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін қамтитын анықталған фактілер бойынша 22 бақылау материалы табыс етілді.
Сондай-ақ (қызмет басталған уақыттан бері) жол берген бұзушылықтары үшін 213 лауазымды адамға, соның ішінде 2011 жылы – 17, 2012 жылы – 58, 2013 жылы – 41, 2014 жылы – 40, 2015 жылы – 57 лауазымды адамға тәртіптік шара қолданылды.

 

Ішкі аудит және сапа бақылауы


Аудит пен қаржылық бақылаудың сапасын бағалауды әдіснама, ішкі аудит және сапаны бақылау бөлімі жүзеге асырады, аталған бағалау тәуекелдерді анықтап бағалауға, сондай-ақ тәуекелді төмендетуге және Тексеру комиссиясындағы жүйелер мен процестердің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің қызметіндегі бұзушылықтар мен кемшіліктердің тәуекелін дәйекті түрде төмендетіп, осындай бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол беру фактілерін төмен деңгейде ұстап отыру сапаны бақылаудың және ішкі аудиттің қорытындысы бойынша берілген ұсынымдарды іске асырудың нәтижесі болуға тиіс.
Тексеру комиссиясының қызметі басталған уақыттан бері Тексеру комиссиясының Төрағасына тәуелсіз әрі объективті ақпарат беру мақсатында екі мәрте ішкі аудит өткізілді, бұл аудит бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің тиімді басқарылуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге арналған.
Тексеру комиссиясында 2011-2013 жылдар ішіндегі бақылау іс-шаралары бойынша – 48, 2014 жылы – 25, 2015 жылы – 21 сараптамалық қорытынды әзірленген, олар бойынша сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізудің стандарттары мен қағидаларына сәйкестігіне сапа бақылауы жүргізілді.
Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру үшін және олардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды арттыру мақсатында Тексеру комиссиясының жыл сайын бекітілетін техникалық оқу жоспарына сәйкес тұрақты негізде техникалық оқу өткізіліп тұрады. 

 

Адам капиталын басқару


Тексеру комиссиясының кадрлық құрамы түрлі экономика салаларының білікті мамандарынан жасақталған.
Бұл ретте заңнама ұдайы өзгеріп отыратын тұста сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы ретінде Тексеру комиссиясының қызметкерлері өздерінің дайындық деңгейлерін ұдайы арттырып, практикалық дағды-машықтарын пысықтап отырулары қажет.
Ішкі аудитті енгізу жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің біліктілігін арттыру және жоғары білікті кадрларды іріктеу мәселелерін қамтитын, әрі халықаралық стандарттардың талаптарына сай келетін біртұтас жүйені әзірлеу жөнінде Тексеру комиссиясының алдына жаңа міндет қояды.
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 39-бабына сәйкес, мемлекеттік аудитор сертификатының болуын талап ететін лауазымға үміткер мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлері қайта даярлаудан өтеді.
Қайта даярлаудың және біліктілікті арттырудың негізгі қағидаттары: жүйелілік,  ғылымилық, біліктілікті арттыруды өз бетінше білім алумен ұштастыру,  оқытудың үздіксіздігі, сабақтастығы және дәйектілігі болып табылады.
Қайта даярлаудың және біліктілікті арттырудың міндеттері:
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарын білікті қызметкерлермен қамтамасыз ету;  
алған білімдерін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіруге қолдану;
қызметкерлердің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында жаңа теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды алуға және оларды жаңартып отыруға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру;
алған теориялық білімдері мен кәсіби дағдыларын тәжірибеде қалыптастыру, бекіту және жинақтау.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі білім беру бағдарламалары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізудің бейімделген әлемдік және отандық тәжірибесін, сондай-ақ мемлекеттік саясатты, бағдарламалық құжаттарды қалыптастыру мен іске асырудың әдіснамасын, корпоративтік басқару, стратегиялық, қаржылық менеджмент, бухгалтерлік есеп, халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша үздік тәжірибелерді және құқықтарды қамтиды.

 

Тексеру комиссиясының ақпараттық жүйесін дамыту


Жұмыс процесін оңтайландырып, ақпараттық базаларды өзекті күйінде ұстап отыру үшін, сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында «Бақылау жүйесі» ақпараттық жүйесінде Тексеру комиссиясының қызметін автоматтандыру бойынша жұмыстар атқарылуда.
Бүгінгі таңда, негізгі қызметті жоспарлау мен бақылаудың бағдарламалық-аппараттық кешені мынадай функциялардың іске асырылуын қамтамасыз етеді:
- мемлекеттік аудит объектілерінің дерекқорын жүргізу, мемлекеттік аудит объектілері бойынша мәліметтер енгізу, мемлекеттік аудит объектілерін олардың сипаттамалары бойынша құрылымдау, жылдам әрі ыңғайлы іздеу;
- тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру үшін ақпарат жинау, өңдеу және жинақтау процесін автоматтандыру;
- аудиторлық іс-шараларды жоспарлау, аудиторлық іс-шаралар тізбесінің орындалуына жедел мониторинг жүргізу, аудитке жататын мемлекеттік аудит объектілерін аудиторлық іс-шаралармен қамту үшін ресурстарды және уақытты бөлуге көмектесу;
- аудиторлық іс-шараны өткізу үшін қажетті құжаттарды автоматты түрде дайындау;
- аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында жиналатын ақпаратты есепке алу және бастапқы өңдеу;
- аудитті өткізу кезінде мемлекеттік аудиторды құқықтық және әдістемелік көмекпен қамтамасыз ету;
- аудиторлық іс-шаралардың және мемлекеттік аудиторлар жұмысының тиімділігін бағалау;
- есептілікті қалыптастыру, кейіннен сақтап, жұмыс істеу үшін есептерді *.doc, *.xls, *.pdf және басқа да форматтарда қалыптастыру;
- анықтамалықтарды және сыныптауыштарды жүргізу;
- ақпараттық жүйеге әкімшілік ету.
Мемлекеттік аудитке көшуге байланысты «Бақылау жүйесі» АЖ-ны басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен, соның ішінде Есеп комитетінің ақпараттық жүйесімен кіріктірудің маңыздылығы арта түседі.
«Бақылау жүйесі» АЖ-ны Есеп комитетінің интеграцияланған ақпараттық жүйесімен кіріктіру жөніндегі міндеттер қалыптасу сатысынан өтуде.

 

Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылы

Тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүйесінің сындарлы жұмысын қамтамасыз ету үшін басқа бақылау органдарымен өзара іс-қимылдарды ұдайы негізде жүзеге асырып отырады. Мемлекеттік органдардың қызметін қайталауды болдырмау мақсатында Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимылы қағидалары қабылданды, аталған Қағидалар аудиторлық іс-шаралардың тізбесі жобаларын жасау, келісу және бекіту тәртібін айқындайды. Бекітілген тізбелермен және аудит нәтижелерімен алмасу жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, Есеп комитетінің жанынан Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі құрылды, аталған Кеңес өзара пікір мен озық тәжірибе алмасу, сондай-ақ аудиторлық қызмет барысында туындайтын өзекті мәселелер мен проблемаларды қарау жөніндегі сұхбаттасу алаңы болып табылады.
Құқық қорғау органдарымен өзара тығыз байланыста іс-қимылдар жүргізілмесе, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін тиімді ұйымдастыру мүмкін емес.
Тексеру комиссиясының Төрағасы құқық қорғау органдарымен арадағы үйлестіру кеңесінің құрамына енгізілген.

 

III. Тексеру комиссиясының 2016-2020 жылдарға арналған перспективалық бағыттары

 

  1. Мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды енгізу

 

1.1 Әдіснамалық және құқықтық негіздер


Жоспарланып отырған кезеңде Тексеру комиссиясы мемлекеттік аудиттің әдіснамалық базасын жақсартуға арналған ұсыныстарды әзірлеуге белсенді қатысатын болады.


Басты міндеттер

Күтілетін нәтижелер

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы нормативтік және әдіснамалық базаны жетілдіру үшін Есеп комитетіне ұсыныстар

Мемлекеттік аудиттің құқықтық және әдіснамалық негіздерін жетілдіру

 

 

1.2 Аудиторлық қызмет және қаржылық бақылау


Тексеру комиссиясының аудиторлық қызметі бюджет қаражатын игерудің ашықтығын арттыруға және жергілікті бюджеттің атқарылуына аудит жүргізу мәселелерін жүйелі түрде жақсартуға, сондай-ақ өңірдегі қаржылық тәртіпті күшейтуге бағытталатын болады.


Басты міндеттер

Күтілетін нәтижелер

ТБЖ бірыңғай қағидаттары негізінде аудиторлық қызметті жоспарлауды жетілдіру

Қаржылық бұзушылық тәуекелдерінің уақтылы алдын алу және осындай оқиғалардан болатын теріс салдарын төмендету

Өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың  басым бағыттары бойынша аудиторлық іс-шараларды жоспарлауды қамтамасыз ету

Экономиканың басым секторларында бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру; басым бағыттар бойынша қарқындылық көрсеткіштерін өсіру

ХҚЕС-ке және ҚСХҚЕС-ке сәйкес қаржылық есептілік аудитін жүргізу

Өңірдің шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша объективті баға беру

Аудиторлық іс-шаралардың сапасы мен нәтижелілігін арттыру

Қаржылық тәртіпті күшейту

 

 1.3 Сараптамалық-талдамалық қызмет


Орта мерзімді кезеңде бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтарының себеп-салдарлық байланыстарын зерделеп талдау, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру кезіндегі, сондай-ақ  мемдекеттік аудит объектілерінің қызметіндегі проблемаларды анықтау Тексеру комиссиясы жұмысының әдістерінде негізгі орынды алатын болады, мұнда анықталған проблемалар мен кемшіліктер негізінде пәрменді ұсынымдар берілетін болады.


Басты міндеттер

Күтілетін нәтижелер

Тексеру комиссиясының қызметінде талдамалық іс-шаралардың үлесін ұлғайту

Тікелей бақылау объектілеріндегі тексерулердің санын барынша азайту

Тексеру комиссиясының  Алматы қаласының Мәслихатына есепті қалыптастыру кезінде бюджет және өзге де заңнаманы жетілдіру, экономика салаларында анықталған кемшіліктер мен тәуекелдерді төмендету бойынша әзірлейтін ұсыныстарының сапасын арттыру

Бюджет-қаржы саласына қатысты шешімдерді қабылдаудың және оларды мемлекеттік органдар мен бақылау объектілері тарапынан орындалудың сапасын арттыру, сондай-ақ олардың жауапкершілігін, олардың қызметінің айқындығы мен есептілігін арттыру

Сараптамалық-талдамалық іс-шаралардың қорытындылары бойынша материалдарды, олардың нәтижелерін, жергілікті бюджет қаражатын және республикалық трансферттерді пайдаланудың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды Президент Әкімшілігіне, Есеп комитетіне, қала Мәслихатына, мемлекеттік органдарға және квазимемлекеттік субъектілерге жіберу

 

 1.4 Тексеру комиссиясы шешімдерінің орындалуына мониторинг жүргізу

 


Басты міндеттер

Күтілетін нәтижелер

Тексеру комиссиясы шешімдерінің орындалуына қаржылық бақылау жүргізу

Бақылау объектісі тарапынан қабылданған шаралардың анықтығын қамтамасыз ету және оның жауапкершілігін күшейту

 

 1.5 Сапаны бағалау және ішкі аудит

 


Басты міндеттер

Күтілетін нәтижелер

Тексеру комиссиясының өз функцияларын табысты іске асыруға және қойған мақсаттарына қол жеткізуге кері әсер ететін ықтималды тәуекелдерді барынша азайту 

Тексеру комиссиясы қызметінің тиімділігін арттыру, (стратегиялық, операциялық, қаржылық, құқықтық) тәуекелдерді дәйекті түрде төмендету және оларды ең төмен деңгейде ұстап отыру  

Аудиторлық және сараптамалық-талдамалық іс-шаралар бойынша ішкі аудит пен сапаны бақылау жүйесін одан әрі дамыту

Жоспарлау мен заңдық тұрғыдан сүйемелдеуді жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды ескере отырып, аудиторлық және сараптамалық-талдамалық іс-шаралардың сапасын дәйекті түрде арттыру

 

 

1.6 Адам капиталын басқару

 


Басты міндеттер

Күтілетін нәтижелер

Басқа өңірлердің тексеру комиссияларымен, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен   Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне өз білімімен және тәжірибесімен алмасу үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету

Тәжірибемен және дағды-машықтармен алмасу

Мемлекеттік аудиторларлың мәртебесін одан әрі жетілдіру, оларды әлеуметтік қамсыздандыру

Ынталандыратын шаралар әзірлеу

Тексеру комиссиясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жасау

Тексеру комиссиясының жағымды имиджін қалыптастыру

 

 

2. Тексеру комиссиясының ақпараттық жүйесін дамыту

Басты міндеттер

Күтілетін нәтижелер

Тексеру комиссиясының ақпараттық базасын қалыптастыру

Аудит объектілері, аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша толық ақпаратты жинақтау

Заңнамадағы, әдіснамадағы, аудиторлық, сараптамалық-талдамалық қызметтегі өзгерістерге сәйкес АЖ ақпараттық модульдерін өзектендіру

АЖ-ны жұмыс істейтін қалыпта ұстап отыру

 

 

3. Тексеру комиссиясының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы

Басты міндеттер

Күтілетін нәтижелер

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимылы

Тексеру комиссиясының проблемалық мәселелерін Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесі органдарының үйлестіру кеңесінде жария ету

Тәжірибе алмасу

Аудиторлық іс-шараларды жоспарлау кезінде өзара іс-қимылдарды қамтамасыз ету

Аудиторлық жұмысты кешенді жоспарлауды қамтамасыз ету;
аудиторлық іс-шаралардың қайталануын болдырмау

Мәслихатпен өзара іс-қимыл

Лаузымды адамдардың ҚР нормативтік құқықтық актілерін сақтамау фактілері бойынша тәжірибені Мәслихаттың отырыстарына енгізу

Бюджет процесіндегі маңызды проблемалар мен кемшіліктерге депутаттардың назарын аударту; қоғамдық бақылауды дамыту және тиісінше ден қою

Мәслихат комиссиясының жұмысына Тексеру комиссиясының жүйелі әрі мақсатты қатысуын қамтамасыз ету 

Проблемалық мәселелерді анықтау үшін қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде хабардар болу

Құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау

Қаланың прокуратурасымен және өзге де құқық қорғау органдарымен ведомствоаралық қарым-қатынастарды нығайту

Іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін, соның ішінде мемлекетке келтірілген залалды өтеу бойынша берілген бақылау материалдарының нәтижелілігін арттыру

 

 

4. Қорытынды

 

Перспективалық жоспарды іске асыру Тексеру комиссиясының аудиторлық және талдамалық қызметінің тиімділігі мен айқындығын арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Перспективалық жоспар кейіннен Тексеру комиссиясының жылдық жұмыс жоспарларын әзірлеу үшін негіз болады.

 


IV. Тексеру комиссиясының перспективалық жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 


Р/с

Басты міндеттер

Іс-шаралар

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Аяқтау нысаны

1

2

3

4

5

6

1.         Мемлекеттік аудитті енгізу және сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін дамыту

Әдіснамалық және құқықтық негіздер

1

Есеп комитетінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында әзірлейтін нормативтік және әдіснамалық базасын жетілдіру үшін ұсыныстар әзірлеу

1. Халықаралық стандарттарға сай келетін мемлекеттік аудитті енгізуге бағыттталған әдіснамалық құжаттарды әзірлеуге Тексеру комиссиясының белсенді қатысуын қамтамасыз ету

ТК мүшелері, ӘІАСББ, ӘҚБ, МАҚББ, ЖЕТАБ

Қажетіне қарай

Ұсыныстар

2. Есеп комитетіне тағылымдамаға, семинарларға жіберу, қабылданған нормативтік және әдіснамалық құжаттармен танысу жөнінде техникалық сабақтар өткізу  

ПББ, ӘҚБ,
МАҚББ, ӘІАСББ, ЖЕТАБ

Қажетіне қарай

Техникалық оқу,
семинарлар

Аудиторлық қызмет

2

ТБЖ-ға бірыңғай қағидаттар мен тәсілдер негізінде аудиторлық қызметті жоспарлауды жетілдіру

1. ТБЖ-ны қажетті деректермен толықтыруды қамтамасыз ету

ЖЕТАБ

2016-2020 жылдар

Өзектендірілген ТБЖ

3

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары бойынша аудиторлық іс-шаралар жоспарлауды қамтамасыз ету

1. Қала әкімінің көпшілік алдында сөйлеген сөздеріне, сондай-ақ өңірдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына мониторинг жүргізу

ТК мүшелері,
ЖЕТАБ, ӘҚБ, МАҚББ

2016-2020 жылдар

Жұмыс жоспарларын қалыптастыру (түзету) жөніндегі ұсыныстар

3. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын зерделеу

ТК мүшелері, ЖЕТАБ,
ТК құрылымдық бөлімшелері

2016-2020 жылдар

Ақпарат

4

Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес қаржылық есептілік аудитін жүргізу

1. Бір жылға аудиторлық іс-шараларды жоспарлау кезінде аудиторлық іс-шаралардың жалпы санындағы үлесін ұлғайта отырып қаржылық есептілік аудитін енгізуді қамтамасыз ету

ТК мүшелері,
ЖЕТАБ, ӘІАСББ

2019-2020 жылдар

Қаржылық есептілік аудитінің үлесін 10%-ға ұлғайту

5

Аудиторлық іс-шаралардың сапасы мен нәтижелілігін арттыру

Аудиторлардың қызметіне бағалау жүргізу

ӘҚБ, МАҚББ, ӘІАСББ

2016-2020 жылдар

Аудиторлардың рейтингісі

Талдамалық қызмет

6

Тексеру комиссиясының қызметінде талдамалық және сараптамалық-талдамалық іс-шаралардың үлесін ұлғайту

1.Өзекті бағыттар бойынша талдамалық баяндамалар әзірлеу

ТК мүшелері, ТК құрылымдық бөлімшелері

ТК жұмыс жоспарына сәйкес жыл ішінде

Баяндамалар

2. Бюджетке ағымдағы және кейінгі бағалауды жүргізу

ТК мүшелері,
ЖЕТАБ

 

Қорытындылар

7

Тексеру комиссиясының Қала Мәслихатына, Президент Әкімшілігіне, Есеп комитетіне есептерді қалыптастыру кезінде әзірлейтін жергілікті бюджет және өзге де заңнаманы жетілдіру, қолданыстағы басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, экономика салаларындағы кемшіліктер мен тәуекелдерді жою жөніндегі ұсыныстардың сапасын арттыру

Бюджет және өзге де заңнаманы жетілдіру, қолданыстағы басқару жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар

ТК мүшелері,
ТК құрылымдық бөлімшелері

Жыл сайын

Қала Мәслихатына есептің құрамында және Есеп комитетіне ұсыныстар

8

Талдамалық баяндамалардың сапасын жақсарту және олардың нәтижелері бойынша жергілікті бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды қала Мәслихатына, мемлекеттік органдарға және квазимемлекеттік субъектілерге жіберу тәжірибесін енгізу

Жергілікті бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар

ТК мүшелері,
ТК құрылымдық бөлімшелері

Жыл ішінде

Мәслихатқа, мемлекеттік органдарға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ақпарат

Тексеру комиссиясы шешімдерінің орындалуына мониторинг жүргізу

9

Тексеру комиссиясының шешімдерінің орындалуына қаржылық бақылау жүргізу

 Тексеру комиссиясының шешімдерінің орындалуы бойынша ақпаратты, Тексеру комиссиясының отырыстарында олардың орындалу толықтығын қарау

ТК мүшелері,
ЖЕТАБ,
ӘІАСББ

2016-2020 жылдар

Бекітілгені бойынша ТК мүшесінің ақпараты

Ішкі аудит

10

Тексеру комиссиясының өз функцияларын табысты іске асыруға және қойған мақсаттарына қол жеткізуге кері әсер ететін ықтималды тәуекелдерді барынша азайту 

1. Құрылымдық бөлімшелерге жүргізілген ішкі аудит пен бақылаудың қорытындылары бойынша ұсынымдар әзірлеу

ӘІАСББ

2016-2020 жылдар

Ұсынымдар

Адам капиталын басқару

11

Мемлекеттік аудиттің жаңа талаптарына және міндеттеріне сай келетін қайта даярлау және білікті арттыру жүйесін қалыптастыру

1. Алған білімдері мен машықтарын тереңдету мақсатында және кейіннен тиісті пәндер бойынша сертификаттаудан өту (сертификатты растау) үшін Тексеру комиссиясының қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарына жіберу

ПББ, ӘҚБ

2016-2020 жылдар

Оқыту

12

Тексеру комиссиясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жасау

  1. Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің өз өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілері бойынша «сенім телефоны» жедел желісінің жұмысын қамтамасыз ету

ӘҚБ, ПББ, ӘІАСБ

Ұдайы

Бөлінген сенім телефоны желісі

2. Тексеру комиссиясының ақпараттық жүйесін дамыту 

13

Тексеру комиссиясының ақпараттық базасын қалыптастыру

1. Базаны қалыптастыру үшін қажетті жеткілікті ақпараттың құрамын айқындау

ЖЕТАБ,
ТК құрылымдық бөлімшелері

2016 жыл

Ақпарат

2.Базаның өзектендірілуін және уақтылы толықтырылуын, онда орналастырылатын ақпараттың анықтығын қамтамасыз ету

ЖЕТАБ,
ТК құрылымдық бөлімшелері

2016-2020 жылдар

Базаны толықтыру

14

Заңнамадағы, әдіснамадағы, аудиторлық, сараптамалық-талдамалық қызметтегі өзгерістерге сәйкес АЖ ақпараттық модульдерін өзектендіру

1. АЖ-ға техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету

ӘҚБ, ӘІАСБ

Ұдайы

Шарт

3.         Тексеру комиссиясының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы

15

Аудиторлық іс-шараларды жоспарлау кезінде өзара іс-қимылды қамтамасыз ету

1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары объектілерінің тізбесі жобаларын бекіткенге дейін олармен өзара алмасуды қамтамасыз ету

ЖЕТАБ

Жыл сайын

Ақпарат

2. Бақылаудың бағыттары мен объектілерін таңдау бойынша келісуші жұмыс топтарын құру

ЖЕТАБ

Жыл сайын

Жұмыс топтарының хаттамалары

3. Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша объектілердің тізбесі өзгерген жағдайда өзара ақпарат алмасуды ұйымдастыру

ЖЕТАБ

Жыл сайын

Ақпарат

16

Лауазымды адамдардың ҚР нормативтік құқықтық актілерін сақтамау фактілері бойынша тәжірибені Мәслихаттың отырыстарына енгізу

1.Мәслихаттың комиссияларымен өзара іс-қимыл жасау тетігін әзірлеу

ТК мүшелері, ӘҚБ

Қажетіне қарай

Өзара іс-қимыл туралы келісім

2. Мәслихаттың арнайы жұмыс тобына олардың қызметінің бағыттары бойынша тексеру қорытындыларын ұсыну

Бекітілген бағыттары бойынша ТК мүшелері,
ТК құрылымдық бөлімшелері

Қажетіне қарай

Ақпарат

17

Мәслихат комиссияларының жұмысына Тексеру комиссиясының жүйелі әрі мақсатты қатысуын қамтамасыз ету 

Бюджетті қалыптастыру мен атқару, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы мәселелерді қамтитын Мәслихат комиссияларының отырыстарына Тексеру комиссиясы өкілдерінің қатысуын ұйымдастыру

ӘҚБ, ТК мүшелері, ЖЕТАБ

Қажетіне қарай

Отырыстар

18

Қаланың прокуратурасымен және өзге де құқық қорғау органдарымен ведомствоаралық қарым-қатынастарды нығайту

1. Тексеру комиссиясының іс жүргізу шешімін қабылдау үшін берген аудит материалдары бойынша құқық қорғау органдарымен арадағы өзара іс-қимылдарды нығайту

 

ӘҚБ

 

2016 жылы

 

19

Тексеру комиссиясының қызметіндегі жариялылықты қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру

1.Аудиторлық, сараптамалық-талдамалық іс-шаралардың қорытындысы, мемлекеттік аудиттің өзекті мәселелері бойынша материалдар жария ету

ТК мүшелері, ТК құрылымдық бөлімшелері

 

Жарияланымдар

2. Тексеру комиссиясының интернет-ресурсындағы «Сұрақ-Жауап» рубрикасына келіп түсетін ақпаратты пайдалану арқылы жұртшылықпен «кері байланысты» дамыту

ТК жауапты құрылымдық бөлімшелері

Жыл сайын

Ұсыныстар

20

Бірлескен, қосарлас аудиторлық және сараптамалық-талдамалық іс-шаралар жүргізудің ықтималды салаларын анықтау

1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен бірлескен, қосарлас аудиторлық және сараптамалық-талдамалық іс-шаралар жүргізуге бастамашылық жасау және ұйымдастыру  

ТК мүшелері

Жыл сайын

Іс-шара

Аббревиатураларды таратып жазу:
ТКТексеру комиссиясы
МАҚББ – Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімі
ӘҚБ – Әкімшілік-құқықтық бөлім
ЖЕТАБ – Жоспарлау, есептілік, талдау және ақпараттандыру бөлімі
ӘІАСББ – Әдіснама, ішкі аудит және сапаны бақылау бөлімі
ПББ – Персоналды басқару бөлімі
АЖ – Ақпараттық жүйе

 

Пошта индексі - 050004
Мекен-жайы Алматы қ., Абылай хан д., 97
Қабылдау б. тел.: +7 (727) 272-10-78
E-mail: rcalmaty7@gmail.com