Алматы қаласы бойынша

Тексеру комиссиясы

Төрағасының

2016 жылғы 2 ақпандағы

№ 11-нқ бұйрығымен

бекітілген

«Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

РЕГЛАМЕНТІ

1. Жалпы ережелер

            1. Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының осы Регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-VЗаңына , «Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №17-НҚ нормативтік қаулысына, V шақырылған Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 401 шешімімен бекітілген Тексеру комиссиясы туралы ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясына (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау процесінде оның қызметінің ішкі тәртібін реттейді.

            2. Тексеру комиссиясының аппаратының құрылымы және штат кестесі Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрығымен жергілікті бюджетте көзделген штат саны мен қаражат шегінде бекітіледі. Тексеру комиссиясы аппаратының құрылымына және штат кестесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

            Тексеру комиссиясының аппараты «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын лауазымды адамдардан тұрады, оны Тексеру комиссиясының Төрағасы тағайындайтын Тексеру комиссиясының аппарат басшысы басқарады.     

3. Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары және олардың лауазымдық нұсқаулықтары Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

            4. Тексеру комиссиясының қызметкерлерін лауазымға тағайындау, мемлекеттік қызметті өткеру кезінде ауыстыру, жұмыстан босату және оларға демалыс беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

            5. Тексеру комиссиясының аппарат басшысы құрылымдық бөлімшелері басшыларының ұсыныстары мен ұсынымдарын ескере отырып, Тексеру комиссиясының Төрағасына Тексеру комиссиясының қызметкерлерін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көтермелеу немесе оларға тәртіптік жаза қолдану туралы жазбаша ұсыныс енгізеді.

            6. Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрығымен Тексеру комиссиясында жұмысты ұйымдастыру бойынша Тексеру комиссиясының мүшелері мен аппарат басшысы арасында міндеттердің бөлінуі бекітіледі. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау объектілерінің атына жолданатын құжаттарға (хаттарға, ұсынымдарға, ақпаратқа, анықтамаларға) қол қоюды Тексеру комиссиясының мүшелері мен аппарат басшысы міндеттердің бөлінуіне қарай жүзеге асырады.

            7. Тексеру комиссиясының аудиторлық, сараптамалық-талдамалық, құқықтық қызметін сүйемелдеуді және өзге де түрлерін қамтамасыз етуді, сондай-ақ аудит нәтижелері бойынша материалдарды және Тексеру комиссиясының қызметі туралы өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы ескере отырып бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруды, Тексеру комиссиясының Төрағасы мен мүшелерінің қатысуымен хаттамалық іс-шараларды ұйымдастыруды жауапты құрылымдық бөлімшелер жүзеге асырады және Тексеру комиссиясының аппарат басшысы үйлестіреді.

8. Аудиторлық есептерде баяндалған мәліметтердің анықтығы, объективтілігі және толықтығы үшін Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторлары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.

9. Мемлекеттік сатып алу рәсімін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасына сәйкес Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрығымен белгіленген жауапты тұлға жүзеге асырады.

10. Регламентте реттелмеген мәселелер бойынша шешімдер Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрығымен қабылданады.

2. Тексеру комиссиясының қызметін жоспарлау

11. Тексеру комиссиясы өзінің қызметін перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларының, сондай-ақ оларды іске асыру үшін әзірленген Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің жылдық жұмыс жоспарларының негізінде жүзеге асырады.

12. Перспективалық жоспарлау Тексеру комиссиясының одан әрі дамуының ұзақ мерзімді міндеттерін, стратегиялық мақсаттары мен түйінді көрсеткіштерін айқындау мақсатында жүзеге асырылады, оларға қол жеткізу Тексеру комиссиясына Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген міндеттер мен функцияларға негізделген.

13. Перспективалық жоспар - ұзақ мерзімді перспективаға арналып әзірленген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің ережелерін ескере отырып қалыптастырылған құжат болып табылады.

14. Перспективалық жоспар Тексеру комиссиясы қызметінің бағыттарын (мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, сараптамалық талдау, әдіснамалық, құқықтық және басқа да бағыттарды) ескере отырып, бес жылға қалыптастырылады.

Перспективалық жоспар, оны атқаруға арналған шарттар өзгеріп, жекелеген түйінді көрсеткіштер орындалып, Тексеру комиссиясына жаңа міндеттер мен функциялар жүктелген кезде жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде жылына бір рет түзетуге жатады.

15. Перспективалық жоспар жобасына ұсыныстар жоспарлауға, есептілікке, сараптамаға және ақпараттандыруға жауапты құрылымдық бөлімшеге жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде енгізіледі.

Перспективалық жоспар Тексеру комиссиясының отырысында оны қарағаннан кейін жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

16. Алдағы жылға арналған жылдық жұмыс жоспары Тексеру комиссиясының ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттері мен қызметінің бағыттарына сүйене отырып қалыптастырылады. Жоспарлы кезең ішінде оны атқаруға арналған шарттардың өзгеруін, жекелеген түйінді көрсеткіштердің орындалуын және Тексеру комиссиясына жаңа міндеттер мен функциялардың жүктелуін ескере отырып, жылдық жоспар түзетілуі мүмкін.

Тексеру комиссиясының кезекті жылға арналған жұмыс жоспары (бұдан әрі – Жұмыс жоспары) перспективалық жоспардың, тиісті бағыттарға жетекшілік ететін Тексеру комиссиясының мүшелерімен және Тексеру комиссиясының аппарат басшысымен келісілген құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстарының негізінде осы Регламентке 1-қосымшаға сай нысан бойынша әзірленеді.

17. Жылдық жұмыс жоспарда іс-шаралардың аяқталу мерзімі, орындау күні нақтыланбастан, тоқсандармен, айлармен көрсетіледі.

18. Жауапты орындаушыларды көрсеткен кезде оларға жүктелген функциялық міндеттері ескеріледі. Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрығымен бірнеше құрылымдық бөлімшені бірлесіп орындаушылар ретінде бекітуге жол беріледі. Бұл ретте бірінші көрсетілген құрылымдық бөлімше жылдық жұмыс жоспардың тармағының орындалуы бойынша жинақтауды жүзеге асырады және оның орындалуы жөнінде ақпарат (есеп) ұсынады.

Жылдық жұмыс жоспарда өздерінің арасында бөлінген жұмыс учаскелеріне сәйкес осы бағытқа жетекшілік ететін Тексеру комиссиясыныңжауапты мүшелері көрсетіледі.

19. Жылдық жұмыс жоспардың жобасына ұсыныстар жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 25 қарашасына дейінгі мерзімде жоспарлауға, есептілікке, сараптамаға және ақпараттандыруға жауапты құрылымдық бөлімшеге енгізіледі.

20. Жылдық жоспар жобасы жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейін Тексеру комиссиясыныңотырысында қаралады және мақұлданады.

Ескертулер болған жағдайда, жылдық жоспардың жобасы үш жұмыс күні ішінде пысықталады және қайтадан келісілгеннен кейін Тексеру комиссиясыныңТөрағасына бекітуге енгізіледі.

3. Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу бойынша ұйымдастыру жұмыстары

21. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру Мемлекеттік аудит туралы Заңның 8, 18-баптарына, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі – Есеп комитеті) нормативтік қаулыларына және өзге де құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

22. Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесі Алматы қаласы бойынша бірыңғай дерекқор (бұдан әрі – Бірыңғай дерекқор) негізінде Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сай нысан бойынша жасалады.

23. Жоспарлауға, есептілікке, талдауға және ақпараттандыруға жауапты құрылымдық бөлімше жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 5 желтоқсанына дейін Тексеру комиссиясының мүшелерімен және аппарат басшысымен келісілген Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін, сондай-ақ кезекті жылы мемлекеттік аудит жүргізіледі деп көзделген мемлекеттік аудит объектілерінің және бюджеттік бағдарламалардың егжей-тегжейлі тізбесін Қағидаларға сай нысан бойынша Есеп комитетіне және Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органға жолдайды.

24. Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінің келісілген жобасы жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейін Тексеру комиссиясының отырысында қаралады.

Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесі Тексеру комиссиясының отырысында қаралғаннан кейін Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

25. Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесі бекітілгеннен кейін жоспарлауға, есептілікке, сараптамаға және ақпараттандыруға жауапты құрылымдық бөлімше оны күнтізбелік бес күн ішінде Тексеру комиссиясының интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады.

26. Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесі бекітілгеннен кейін жоспарлауға, есептілікке, сараптамаға және ақпараттандыруға жауапты құрылымдық бөлімше оны құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімшеге береді.

27. Құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімше Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған бекітілген тізбесіне өзгерістерді (толықтыруларды) бекіту туралы бұйрық тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органға, Есеп комитетіне, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға, Алматы қаласының Прокуратурасына Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) арқылы және (немесе) жазбаша түрде почтамен жөнелтуді жүзеге асырады.

28. Жоспарлауға, есептілікке, сараптамаға және ақпараттандыруға жауапты құрылымдық бөлімше Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған бекітілген тізбесінің орындалуына тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.

29. Жоспарлауға, есептілікке, сараптамаға және ақпараттандыруға жауапты құрылымдық бөлімше Тексеру комиссиясының Төрағасына Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінің іске асырылуы туралы тоқсан сайын ақпарат ұсынады.

30. Мемлекеттік аудит тобы мемлекеттік аудит объектілерінің қызметіне алдын ала зерделеуді аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңі басталғанға дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын аяқтай отырып, Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде көзделген мерзімде жүргізеді.

31. Мемлекеттік аудит тобы Қағидаларға сай нысан бойынша ресімделетін алдын ала зерделеуді жүргізу туралы Тапсырманы және хабарламаны алдын ала зерделеу басталғанға дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға жолдайды.

32. Мемлекеттік аудит тобы алдын ала зерделеу аяқталғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей алдын ала зерделеуді жүргізу туралы талон-хабарламаны толтырады.

33. Аудиторлық іс-шараға (негізгі кезеңге) шыққанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей Аудит жоспары, Аудит бағдарламасы, Аудиторлық тапсырмалар Қағидаларға сай бекітіліп, Тапсырмаға қол қойылады.

34. Аудит жоспарына, Аудит бағдарламасына, Аудиторлық тапсырмаларға және Тапсырмаға қол қойылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде ЭҚАБЖ-да бір тіркеу нөмірімен тіркеледі.

35. Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға (негізгі кезеңге) жауапты мүшесі аудиторлық іс-шараға шыққанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік аудит тобының қатысушыларымен техникалық оқу (нұсқама беру) өткізеді.

36. Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі мемлекеттік аудитті жүргізудің (үстеме тексеруді қоспағанда) негізгі кезеңі басталғанға дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік аудит объектісіне Қағидаларға сай аудиторлық іс-шара жүргізу туралы хабарлама жолдайды.

37. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда Аудиторлық іс-шараны жүргізуге тапсырманы және Үстеме (бірлескен, қосарлас) тексеруді жүргізуге тапсырманы тіркеу аудиторлық іс-шара басталғанға дейін жүргізіледі.

38. Аудит тобының басшысы аудиторлық іс-шара басталған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей Тексеру комиссиясының аппарат басшысына жұмыс орнының және мемлекеттік аудит объектісінің кадрлық қызметінің қызметтік телефонын береді.

39. Мемлекеттік аудит тобының басшысы соңғы жұмыс күні Аудит бағдарламасының орындалу барысы туралы апта сайынғы жиынтық есепті мемлекеттік аудит жүргізу жөніндегі жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына, Тексеру комиссиясының мүшесіне және аппарат басшысына апта сайын осы Регламентке 2-қосымшаға сай нысан бойынша қорғалған байланыс арналары арқылы жолдайды немесе олардың қолдарына береді.

40. Мемлекеттік аудит тобының басшысы Бірлескен және қосарлас тексерулер жөніндегі жоспардың, бағдарламаның жобасын келісу күніне дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей сапаны бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшеге сараптамаға береді.

41. Мемлекеттік аудит тобының басшысы Тексеру комиссиясының мүшесімен келісілген Аудиторлық есептің жобасын құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге аудиторлық іс-шара аяқталғанға дейін 2 жұмыс күні бұрын жолдайды.

Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше тиісті аудиторлық іс-шара аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасы заңнамасының құқықтық қолдану өзектілігіне қатысты Аудиторлық есептің жобасына құқықтық бағалау жүргізеді.

Құқықтық бағалаудың қорытындылары тиісті шараларды қабылдау үшін Тексеру комиссиясының жауапты мүшесіне және аппарат басшысына жолданады.

42. Аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесі және мемлекеттік аудит тобының басшысы өздерінің өкілеттіктері шегінде аудиторлық іс-шараның сапасын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.

43. Аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесі Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің және Нұсқаманың жобасын сапаны бақылауға және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге бір мезгілде жолдайды.

Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің және Нұсқаманың жобасы бойынша заң сараптамасы үш жұмыс күні ішінде не Тексеру комиссиясының Төрағасы айқындаған мерзімде өткізіліп, кейіннен заң сараптамасының қорытындысы сапаны бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшеге жолданады.

Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің және Нұсқаманың жобасы бойынша сапаны бақылау заң сараптамасының қорытындысы түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өткізіледі.

44. Аудиторлық қорытындының жобасына Аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесі қол қояды, Жиынтық тізілімге және Нұсқамаға Тексеру комиссиясының мүшелері, мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты топтың басшысы, сапаны бақылауға және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелер бұрыштама қояды.

45. Жоспарлауға, есептілікке, сараптамаға және ақпараттандыруға жауапты құрылымдық бөлімше Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдарды, Тексеру комиссиясы Нұсқамасының тармақтарын қол қойылған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде бақылауға қоюды жүзеге асырады және оларды орындау мерзімі келгенге дейін үш жұмыс күні бұрын Аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесіне оларды орындау мерзімі туралы ескертеді.

46. Жоспарлауға, есептілікке, сараптамаға және ақпараттандыруға жауапты құрылымдық бөлімше Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдардың және Тексеру комиссиясының Нұсқамалары тармақтарының іске асырылу барысына мониторинг жүргізеді және бұл жөнінде Тексеру комиссиясының Төрағасына ай сайын хабарлап отырады.

47. Сапаны бақылауға жауапты құрылымдық бөлімше жартыжылдықтың қорытындысы бойынша аудиторлық іс-шаралар материалдарының сапасын бақылау нәтижелері туралы, сондай-ақ Аудиторлық қорытындының және Нұсқама тармақтарының орындалу сапасы туралы жинақтап қорытылған ақпаратты есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 20-күнінен кешіктірмей Тексеру комиссиясының Төрағасына ұсынады.

48. Тексеру комиссиясы Төрағасының тапсырмасы бойынша Тексеру комиссиясының аппарат басшысы Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдардың және Нұсқама тармақтарының орындалу толықтығы мәніне талдау жүргізу немесе олардың орындалу мерзімін ұзарту үшін сапаны бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшеге Аудиторлық іс-шараны жүргізуге жауапты Тексеру комиссиясы мүшесінің қызметтік жазбасын жолдайды.

49. Сапаны бақылауға жауапты құрылымдық бөлімше Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдарды және (немесе) Нұсқаманың тармақтарын бақылаудан алып тастаудың, олардың орындалу мерзімін ұзартудың негізділігін үш жұмыс күні ішінде бағалап, оларды орындау бойынша сараптамалық қорытынды дайындайды.

            50. Тексеру комиссиясының Төрағасы сапаны бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшенің сараптамалық қорытындысы негізінде Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдарды және Нұсқаманың тармақтарын бақылаудан алып тастау, олардың орындалу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдайды.

            51. Қажет болған жағдайда, аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдардың және Нұсқама тармақтарының орындалу барысы туралы мәселелерді талқылау Тексеру комиссиясының отырысына шығарылып, оны қараудың қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады.

            52. Мемлекеттік аудит туралы Заңның 8-бабына сәйкес сапаны бақылауға жауапты құрылымдық бөлімше құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің қатысуымен сапаны бақылауды жүзеге асырады.

53. Аудиторлық іс-шараның материалдарын басқа мемлекеттік органдарға және өзге де тұлғаларға беру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Тексеру комиссиясында талдамалық жұмысты жүргізуді ұйымдастыру

54. Тексеру комиссиясында талдамалық жұмыс бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігін арттыру мәселелеріне жүйелендірілген тәсілді қамтамасыз ету, Тексеру комиссиясының алдында тұрған міндеттерді сапалы шешу, мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың нәтижелілігін арттыру мақсатында жүргізіледі.

55. Талдамалық жұмыстардың жоспарын қалыптастыру Тексеру комиссиясының жылдық жұмыс жоспары құрамында және нысаны бойынша жүзеге асырылады. Тексеру комиссиясының мүшелері мен құрылымдық бөлімшелері талдамалық жұмыс бойынша өздерінің ұсыныстарын жоспарлауға, есептілікке, сараптамаға және ақпараттандыруға жауапты құрылымдық бөлімшеге осы Регламенттің19-тармағынасәйкес жібереді.

56. Талдамалық жұмысты жүргізуге:

1) есепті кезеңде (тоқсан, жыл ішінде) жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептер;

2) Тексеру комиссиясы жүргізген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері;

3) Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары;

4) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері негіз болып табылады.

57. Тексеру комиссиясының жауапты мүшелері мен құрылымдық бөлімшелері өздеріне бекітіп берілгені бойынша қалыптастыратын талдамалық баяндама талдамалық жұмыстың аяқталу нысаны болып табылады.

Талдамалық баяндаманың құрылымы мынадай негізгі бөлімдерден тұрады:

1) кіріспе;

2) талдамалық жұмысты жүргізудің мақсаты мен міндеттері, ағымдағы жағдайды талдау (нәтижелер, анықталған проблемалар мен кемшіліктер);

3) талдаудың негізгі бағыттары;

4) тұжырымдар мен ұсыныстар (жағдайды жақсарту және анықталған проблемаларды шешу жөніндегі ұсынымдар).

Талдамалық баяндамаға қажет болғанда талдамалық кестелер, графикалар және тағы басқалар қоса беріледі.

58. Сараптамалық-талдамалық қызметті Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрығымен айқындалатын бөлімдер туралы ережеге сәйкес Тексеру комиссиясының жауапты құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.

5. Тексеру комиссиясы қызметінің нәтижелері туралы есептілікті дайындау және ұсыну тәртібі

59. Алматы қаласының мәслихатына жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы Тексеру комиссиясының есебін (бұдан әрі – Мәслихатқа берілетін есеп) дайындау үшін Тексеру комиссиясы Төрағасының шешімімен Тексеру комиссиясының мүшелері арасынан оны дайындауға жауапты тағайындалады, ол Мәслихатқа берілетін есепті әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын қалыптастырды.

60. Жұмыс тобына Тексеру комиссиясының мүшелері, аппарат басшысы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, бөлім қызметкерлері енгізіледі.

61. Жұмыс тобы Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрығымен бекітіліп, онда жауапты лауазымды адамдар және Мәслихатқа берілетін есепке қосу үшін ақпарат берудің мерзімі көрсетіледі.

62. Мәслихатқа берілетін есепті қарау үшін жоспарлауға, есептілікке, сараптамаға және ақпараттандыруға жауапты құрылымдық бөлімше және Тексеру комиссиясының жауапты мүшесі Тексеру комиссиясы Төрағасының тиісті баяндамасын дайындайды.

Баяндамада бюджеттің атқарылу (атқарылмау) серпіні, есепті кезеңде мемлекеттік аудит объектілерінде анықталған бұзушылықтардың себептері баяндалып, бұзушылықтарға ықпал ететін себептер көрсетіледі.

    63. Тексеру комиссиясының барлық мүшелерімен келісілген Мәслихатқа берілетін есептің жобасы оны бекіту үшін ағымдағы жылдың 16 мамырына дейін Тексеру комиссиясының отырысына шығарылады.    

   64. Жоспарлауға, есептілікке, сараптамаға және ақпараттандыруға жауапты құрылымдық бөлімше Мәслихатқа берілетін есепті бекітілгеннен кейін қарап бекіту үшін Алматы қаласының мәслихатына ағымдағы жылдың 20 мамырынан кешіктірмей енгізуді қамтамасыз етеді.

65. Мәслихатқа берілетін есеп Алматы қаласының мәслихаты бекітіп, тиісті шешім қабылдағаннан кейін мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын ескере отырып бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.

66. Құрылымдық бөлімшелер мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық жеткізгіштерде бұрыштама қойылған Тексеру комиссиясының жұмысы туралы ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін қалыптастырып, дайындауды жүзеге асырады, ал жоспарлауға, есептілікке, сараптамаға және ақпараттандыруға жауапты құрылымдық бөлімше ақпаратты жинақтауды жүзеге асырады.

67. Тексеру комиссиясы жұмысының қорытындысы туралы есеп есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмей Тексеру комиссиясының Төрағасына қарауға енгізіледі.

68. Тексеру комиссиясы жұмысының қорытындысы туралы есеп Тексеру комиссиясының отырысында қаралады және оны бекітудің қорытындысы бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей Есеп комитетіне ұсынылады.

6. Тексеру комиссиясының кеңестері мен отырыстарын өткізу тәртібі

69. Тексеру комиссиясының аппараттық кеңестері:

1) мынадай жағдайларда:

Тексеру комиссиясы қызметінің тоқсандық (жылдық) қорытындысын тыңдау;

Қазақстан Республикасы Президентінің, Есеп комитетінің; Мәслихаттың тапсырмаларын және жергілікті атқарушы органдардың ұсынымдарын жария ету;

Тексеру комиссиясының Төрағасы белгілеген, Тексеру комиссиясы үшін стратегиялық маңызы бар өзге де мәселелерді қарау кезінде Тексеру комиссиясы Төрағасының қатысуымен;

2) Тексеру комиссиясының ағымдағы қызметінің іске асырылуын жедел бақылау және мониторингілеу талап етілетін өзге де жағдайларда Тексеру комиссиясының аппарат басшысының қатысуымен өткізіледі.

70. Кеңестің күн тәртібінің, кеңес хаттамасы жобасының және кеңеске шақырылғандардың тізімінің мәтіндік форматы мынадай талаптарға сәйкес ресімделеді:

қаріп – Times New Roman;

қаріптің мөлшері – 14;

жоларалық интервал – 1,0;

бет жиектері: сол жағы, жоғарғы және төменгі жағы – 2,5 см., оң жағы – 1,5 см.

71. Кеңесті өткізу тәртібінің мәтіндік форматы мынадай талаптарға сәйкес ресімделеді:

қаріп – Аrial;

қаріптің мөлшері – 14;

жоларалық интервал – 1,5;

бет жиектері: сол жағы, жоғарғы және төменгі жағы –2,5 см., оң жағы – 1,5 см.

Анықтамалық ақпарат курсивпен көрсетіледі.

72. Аппараттық кеңестерді Тексеру комиссиясының Төрағасы Тексеру комиссиясы мүшелерінің, аппарат басшысының және құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен әрбір дүйсенбі сайын 9 сағат 00 минутта өткізеді.

73. Кеңестің күн тәртібін кеңеске төрағалық ететін адам бекітеді.

Егер Тексеру комиссиясының Төрағасы өзгеше белгілемесе, Тексеру комиссиясы Төрағасының қатысуымен өтетін кеңестің күн тәртібі кеңес өткізілгенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей бекітуге енгізіледі.

74. Кеңеске шығаруға ұсынылатын мәселелердің бастамашылары оларды өзектілігі, перспективалылығы және қарау мерзімдерінің нақтылығы мәніне мұқият пысықтайды.

75. Кеңестің қорытындысы кеңестің төрағасы қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Кеңестің күн тәртібін, кеңестің хаттамаларын, шақырылғандардың тізімін, жүргізілу тәртібін дайындауды Тексеру комиссиясының Төрағасы айқындайтын жауапты қызметкер ұйымдастырады.

76. Хаттаманың жобасы тапсырма жолданатын құрылымдық бөлімшелермен, сондай-ақ Тексеру комиссиясыныңішкі аудитті жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелерімен бір жұмыс күні ішінде келісілуге жатады.

77. Тексеру комиссиясыныңотырыстары «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, ашық болып табылады.

Тексеру комиссиясының отырыстары мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жүргізіледі.

78. Тексеру комиссиясының отырысын өткізу тәртібі осы Регламентке 3-қосымшаға сай нысан бойынша қалыптастырылады.

79. Тексеру комиссиясының аппарат басшысының тапсырмасы бойынша жауапты құрылымдық бөлімшесөйлейтін сөздердің тезистерін отырыстың күн тәртібіне енгізілген мәселелердің ерекшеліктеріне сәйкесжасайды.

80. Екі немесе одан да көп парақтағы құжатты ресімдеген кезде екінші және одан кейінгі парақтар нөмірленеді. Нөмірлер араб цифрларымен парақтың жоғарғы жиегінің ортасына тыныс белгісінсіз қойылады.

81. Сөйлейтін сөздердің тезистері екі бөліктен: кіріспе және негізгі бөліктерден тұрады. Кіріспе бөлік отырысқа қатысушылардың қысқаша сәлемдесу сөздерін, кворумның белгіленуін, сөз сөйлейтіндердің регламентін, отырыстың күн тәртібінде кезектілігі тәртібімен санамаланып, қаралатын мәселелердің тізбесін, отырыстың мәселелерін қарауға көше отырып, күн тәртібін бекітуді.

Төрағалық етушінің шешімі бойынша сөйлейтін сөздердің тезистері отырысты жүргізу тәртібіне енгізілуі мүмкін.

82. Тексеру комиссиясының отырысы, егер оған Тексеру комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

Тексеру комиссиясының отырысында мәселелерді қараудың нәтижелері бойынша шешім ашық дауыс беру жолымен қабылданады. Егер шешімге отырысқа қатысушылардың санынан Тексеру комиссиясы мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, шешім қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

83. Отырысқа шығарылған мәселені талқылаған кезде Тексеру комиссиясының мүшелері ерекше пікірін айта алады, ол жазбаша түрде ресімделіп, отырыстың хаттамасына қоса беріледі.

84. Отырысты өткізу кезінде Тексеру комиссиясы Төрағасының шешімі бойынша отырыстардың аудио және бейне жазбасы жүргізіледі, ол отырыстың хаттамасына қоса тіркеледі.

85. Құпияға жатқызылған мәліметтерді қамтитын мәселелерді қарау кезінде бейне және фотоаппаратураны, ұялы телефондарды және өзге де жазып алатын құрылғыларды пайдалануға жол берілмейді. Жергілікті желілер мен дербес компьютерлер ажыратылады, селекторлық байланыс өшіріледі.

86. Өткізілген отырыстың нәтижелері бойынша отырысты өткізуге жауапты тұлға хаттаманың жобасын пысықтайды, оны Тексеру комиссиясының Төрағасы отырыс өткізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде бекітеді. Хаттаманы өздеріне тапсырма арналған Тексеру комиссиясыныңмүшелерімен жәнеТексеру комиссиясыныңжауапты қызметкерлерімен келісу қажет.

87. Тексеру комиссиясыныңотырысында қабылданған шешімдер Тексеру комиссиясының қаулыларымен ресімделіп, орындаушылардың назарына жеткізіледі.

88. Отырыстар Тексеру комиссиясының Төрағасының басшылығымен өткізіледі. Тексеру комиссиясының Төрағасы болмаған жағдайда, отырыстарды өткізу жөніндегі оның функцияларын оның міндетін атқаратын Тексеру комиссиясының мүшесі орындайды.

89. Тексеру комиссиясыныңәрбір қаулысы мен отырысының хаттамасына ағымдағы жылы оның бірінші отырысы өткізілген кезден бастап ретімен жалғасатын нөмір беріледі.

90. Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша отырыстың негізгі міндеті оның нәтижелерін қарау болып табылады.

91. Тексеру комиссиясының Төрағасы қаралатын мәселелердің тізбесін Тексеру комиссиясы мүшелерінің және аппарат басшысының ұсыныстары негізінде айқындайды.

92. Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша Тексеру комиссиясының отырыстарын өткізу кестесін жасау кезінде отырыстың өткізілетін күнін Тексеру комиссиясының Төрағасы сапа бақылауын жүргізудің мерзімін ескере отырып белгілейтіндігі ескеріледі.

93. Мемлекеттік аудит қорытындыларын қарау жөніндегі отырыстар мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша Тексеру комиссиясының отырыстарын өткізу кестесінде көзделмеген өзге мерзімде Тексеру комиссиясы Төрағасының тапсырмасы негізінде не отырысты шұғыл өткізуді қажет ететін себеп бойынша өткізіледі.

94. Жоспарлауға, есептілікке, сараптамаға және ақпараттандыруға жауапты құрылымдық бөлімше Тексеру комиссиясының мүшелерімен, аппарат басшысымен және құрылымдық бөлімшелері басшыларымен келісім бойынша, тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін бекіту туралы Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрығына тиісті өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша Тексеру комиссиясының отырыстарын өткізу кестесіне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуді жүзеге асырады.

95. Мемлекеттік аудитке және қаржылық бақылауға жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша Тексеру комиссиясының отырысын ұйымдастыруға және өткізуге жауапты болып табылады.

96. Мемлекеттік аудитке және қаржылық бақылауға жауапты құрылымдық бөлімше отырысқа шақырылған адамдарға хабар беруді, олардың қатысуын және тіркелуін, отырыстың материалдарын бойынша Тексеру комиссиясының мүшелеріне, аппарат басшысына және құрылымдық бөлімшелердің басшыларына және өзге де адамдарға жөнелтуді қамтамасыз етеді.

97. Тексеру комиссиясының жауапты мүшесі мемлекеттік аудитке және қаржылық бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшемен бірлесіп отырыс өткізілгенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей, отырысқа қатысушылардың тізімін айқындайды және Тексеру комиссиясының отырысына материалдарды дайындауды жүзеге асырады.

98. Отырысқа арналған материалдар:

1) осы Регламентке 4-қосымшаға сай нысан бойынша Тексеру комиссиясы отырысының күн тәртібін (мемлекеттік және орыс тілдерінде);

2) осы Регламентке 5-қосымшаға сай нысан бойынша Тексеру комиссиясының отырысына шақырылатын адамдардың тізімін;

3) отырыс өткізу тәртібінің жобасын;

4) мемлекеттік аудит материалдарын (Тексеру комиссиясының жауапты мүшесі қол қойған аудиторлық қорытындының жобасын, анықталған бұзушылықтардың жиынтық тізілімін және Тексеру комиссиясы қаулысының жобасын);

5) осы Регламентке 6-қосымшаға сай нысан бойынша Тексеру комиссиясы отырысы хаттамасының жобасын;

6) Тексеру комиссиясының мүшесімен және аппарат басшысымен келісім бойынша мемлекеттік аудитке және қаржылық бақылауға жауапты құрылымдық бөлімше әзірлейтін отырыстың қорытындысы бойынша баспасөз релизінің жобасын қамтиды.

99. Аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесі отырысқа материалдарды, оның ішінде мемлекеттік аудиттің негізгі объектісі өкілінің баяндамасы (сөйлейтін сөзінің) тезистерінің жобасымен бірге ілеспе хатты Тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін төрт жұмыс күні бұрын Тексеру комиссиясының Төрағасына жібереді.

100. Бірлескен тексеру жүргізілген жағдайда, отырысқа мемлекеттік аудитті жүргізуге қатысқан мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

101. Талқылаған кезде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері өкілдерінің қатысуын талап етпейтін мемлекеттік аудит материалдары бойынша отырыстар олардың қатысуынсыз өткізілуі мүмкін.

102. Кеңсе мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша Аудиторлық қорытындыны, Тексеру комиссиясының нұсқамасы мен қаулысын тіркеуді және мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау объектілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға орындау және мәлімет үшін жөнелтуді Тексеру комиссиясының қаулысына қол қойылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

103. Тексеру комиссиясының жауапты мүшесі Аудиторлық қорытындылардың және Нұсқамалардың орындалуын бақылауды тұрақты негізде жүзеге асырады.

7. Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрықтарын дайындау тәртібі

104. Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрығы оның лауазымдық өкілеттіктері шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде қабылданған, Тексеру комиссиясының мүшелері мен қызметкерлері орындауға міндетті болып табылатын құқықтық басқару актісі болып саналады.

105. Тексеру комиссиясы Төрағасының дайындалған бұйрықтары Тексеру комиссиясының мүшелерімен, Тексеру комиссиясының аппарат басшысымен, бұйрықтарды әзірлеуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысымен, персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімнің қызметкерімен, олардың нормативтік құқықтық актіге сәйкестігіне жауапты штатта тұрған заңгермен, мемлекеттік тілдегі мәтіндердің бірдейлігіне жауапты қызметкермен келісіледі (бұрыштама қойылады) және осыдан кейін Тексеру комиссиясының Төрағасына қол қоюға беріледі.

106. Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрықтарына қол қойылғаннан кейін персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімнің қызметкері (бұдан әрі – кадр қызметі) оларды тіркеуді жүзеге асырады.  

Тексеру комиссиясының Төрағасы бұйрығының орындалуына жауапты Тексеру комиссиясының мүшелері мен қызметкерлері немесе онда аталған тұлғалар міндетті түрде қол қойып оның мазмұнымен үш жұмыс күнінен кешіктірілмей таныстырылуы тиіс.

8. Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін айқындайтын құжаттарды дайындау

107. Тексеру комиссиясының аппарат басшысының лауазымдық нұсқаулығын дайындауды - кадр қызметі, құрылымдық бөлімшелер басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын – кадр қызметі құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен бірлесіп олар құрылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметшілердің және Тексеру комиссиясында өзінің функцияларын еңбек шарты негізінде жүзеге асыратын қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары құрылымдық бөлімшенің тиісті басшысы құрылымдық бөлімше туралы ережені бекіткеннен кейін он жұмыс күні ішінде дайындалып, кадр қызметімен келісіледі.

108. Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

109. Кадр қызметі Тексеру комиссиясының қызметкерін қызметке кіріскеннен кейін үш жұмыс күні ішінде, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулық жаңа редакцияда бекітілгеннен кейін немесе лауазымдық нұсқаулыққа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілген соң, үш жұмыс күні ішінде қызметкерге лауазымдық нұсқаулықтың, лауазымдық нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы құқықтық актінің көшірмелерін бере отырып, лауазымдық нұсқаулығымен қол қойдырып таныстырады.

9. Тексеру комиссиясына қызметкерлерді қабылдау және қызметінен босату

110. Тексеру комиссиясымен еңбек қатынастарын ресімдеу кезінде азамат өзін қызметке тағайындаған сәттен бастап күнтізбелік үш күн ішінде кадр қызметіне:

1) Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесін;

2) еңбек қызметін растайтын құжаттарды;

3) дипломының немесе білім алғандығы туралы, мамандығын немесе біліктілігін растайтын өзге де құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып) көшірмелерін;

4) қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарынан (семинарлардан) өткендігін растайтын дипломдардың (куәліктердің, сертификаттардың) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып) көшірмелерін;

5) ғылыми дәреже, ғылыми атақ беру туралы куәліктердің (болған кезде) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып) көшірмелерін;

6) 4 түрлі-түсті фотосуретті, оның екеуінің мөлшері – 30х40 мм, қалған екеуінің мөлшері – 40х60 мм;

7) өз қолымен толтырылған кадрларды есепке алу бойынша жеке парақты және өмірбаянын;

8) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына өзінің және жұбайының табысы және мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны туралы анықтаманы;

9) аттестаттау парағының көшірмесін (болған жағдайда);

10) адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы, өзінің меншігіндегі үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы табыс алуға әкелетін өзге де мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы мәліметті;

11) денсаулығының жай-күйі туралы анықтаманы;

12) неке қию (бұзу) туралы, жұбайының, балаларының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін (болған жағдайларда);

13) мемлекеттік және (немесе) ведомстволық наградалары, құрметті және арнаулы атақтары бойынша құжаттардың көшірмелерін (мұндайлар болған кезде);

18) әскери есепке алу бойынша құжаттың көшірмесін (әскери міндетті адамдар және әскери қызметке шақырылуға тиіс адамдар үшін) ұсынады.

111. Жұмысқа қабылдау Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрығымен ресімделеді

Қызметкер жұмысқа қабылданғаннан кейін кадр қызметі:

1) үш жұмыс күні ішінде оны тағайындау туралы бұйрықпен, еңбек шарттарымен және ақысымен, Тексеру комиссиясының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілермен, құрылымдық бөлімше туралы ережемен, лауазымдық нұсқаулығымен қол қойғызып таныстырады.

2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мемлекеттік қызметшінің құқықтарын және міндеттерін түсіндіреді, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулерді қабылдау туралы оның келісімін жазбаша нысанда тіркейді;

3) қызметтік куәлікті, электрондық рұқсаттаманы береді;

4) осы Регламенттің талаптарына қатысты нұсқамалық өткізеді, бұл жөнінде таныстыру парағында тиісті белгі жасалады;

5) қызметкерді Тексеру комиссиясында құжаттама жасау және құжаттаманы басқару тәртібі, өткізу және ғимараттағы объекті ішілік режим және Тексеру комиссиясында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі бойынша нұсқамалықтан өту үшін кеңсеге және ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге жібереді..

10. Даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру

113. Тексеру комиссиясының қызметкерлерін даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды кадр қызметі үйлестіреді.

114. Кадр қызметі даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы ақпаратты ішкі таратуды қамтамасыз етеді.

115. Қазақстан Республикасы шегінде және шетелге қайта даярлауға, біліктілікті арттыруға жіберу Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің қажеттіліктеріне сай жүзеге асырылады және Тексеру комиссиясы Төрағасының тиісті бұйрығымен ресімделеді.

116. Кадр қызметі біліктілікті арттыру кестесін әзірлейді және жоспарланатын кезеңде оқытуға жататын Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің тізімін қалыптастырады.

117. Кадр қызметі біліктілікті арттыру кестесін Тексеру комиссиясының аппарат басшысымен жәнетиісті құрылымдық бөлімшелерімен жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 желтоқсанына дейін келіседі, оны Тексеру комиссиясының Төрағасы бекітеді.

11. Тексеру комиссиясының жұмыс тәртібі.

Өткізурежимі. Еңбек демалысы

118. Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне сенбі және жексенбі болып табылатын екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Бұл ретте күн сайынғы жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда 8 сағаттан аспауы керек.

Жұмыс күні сағат 9.00-де басталып, сағат 18.00-де аяқталады.

119. Күн сайынғы жұмыс барысында қызметкерлерге демалуға және тамақ ішуге сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі аралықта ұзақтығы 1 сағат үзіліс беріледі.

120. Орындалуынан Тексеру комиссиясының және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметі байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтілмеген жұмыстарды орындау үшін Тексеру комиссиясының жекелеген қызметкерлері демалыс және мереке күндері жұмысқа тартылуы мүмкін. Мұндай жұмыстарға Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ақы төленеді.

121. Кадр қызметі әр қызметкер бойынша жұмыс уақытының есебін жүргізеді. Жұмыс уақытын есепке алу табелі құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің жұмыста уақытша болмауы туралы күн сайынғы ақпараттың негізінде толтырылады және құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен келісіліп, кадр қызметі қол қойғаннан кейін ағымдағы айдың 20-күніне қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге беріледі.

Жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу табелі өзгерістерімен бірге қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге есепті айдан кейінгі айдың 20-күніне беріледі, өзгерістерге байланысты Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің жалақысын қайта есептеу жүргізіледі.

122. Тексеру комиссиясы қызметкерінің «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығында көзделген тәртіппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парағы және (немесе) анықтамасы болған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жұмыста болмауына рұқсат беріледі.

123. Дәлелді себептері болған жағдайда, қызметкерге жұмыс күні ішінде үш сағатқа дейін және одан да көп сағатқа жұмыс орнында болмауына рұқсат (келісім) берілуі мүмкін. Тиісті қызметкердің өтінішхаты бойынша:

Тексеру комиссиясының Төрағасы – Тексеру комиссиясының мүшелеріне және аппарат басшысына қатысты;

Тексеру комиссиясының аппарат басшысы – құрылымдық бөлімшелердің басшыларына және құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен келісім бойынша қызметкерлерге қатысты олардың жұмыста болмауын келісуді және жұмыста болмау себебін дәлелді деп тануды жүзеге асырды.

124. Тексеру комиссиясының қызметкерлері мемлекеттік аудит объектілерінде болған кезде жоғарыда аталған мәселені мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы аппарат басшысымен және (немесе) Тексеру комиссиясының мүшесімен келісіп шешеді.

125. Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын бақылауды аппарат басшысы және Тексеру комиссиясы құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жүзеге асырады.

126. Жұмыс уақытының есепке алу табелін жүргізетін тексеру комиссиясының қызметкері сағат 10.00-ге қарай Тексеру комиссиясының мүшелері мен қызметкерлерінің жұмыста уақытша болмауы туралы апта сайын жиынтық ақпарат дайындайды.

127. Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің ғимаратқа кіріп-шығуы рұқсат-бақылау жүйесінің дербес карталары бойынша жүзеге асырылады.

128. Еңбек демалыстарын берудің кезектілігі күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей, жинақтау үшін кадр қызметіне ұсынылатын құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде жасалған осы Регламентке 7-қосымшаға сай нысан бойынша Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің еңбек демалыстары кестесімен айқындалады.

129. Тексеру комиссиясының аппарат басшысы күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің кезекті жылға арналған еңбек демалыстарының кестесін бекітеді.

130. Еңбек демалыстарының бекітілген кестелері негізінде Тексеру комиссиясының тиісті жылға арналған қаржыландыру жоспары жасалады. Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне кезектен тыс демалыс беру қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен, аппарат басшысымен және Тексеру комиссиясының Төрағасымен келісіледі.

131. Еңбек демалыстары кестесін жасаған кезде құрылымдық бөлімше қызметінің ерекшелігі және қызметкерлердің пікірлері ескеріледі.

132. Кадр қызметі бекітілген еңбек демалыстары кестесінің көшірмесін еңбек демалыстары бойынша қаржының қажетті көлемін жоспарлау үшін үш жұмыс күні ішінде қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге береді.

133. Қызметкердің Тексеру комиссиясының аппарат басшысына енгізілетін демалысқа арналған өтініші алдымен өзінің лауазымдық функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің тікелей басшысының, кадр қызметінің және қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің бұрыштамаларын алу арқылы келісіледі.

12. Қызметтік іссапарларға жіберу тәртібі

134. Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің қызметтік іссапарға (бұдан әрі - Іссапар) жіберу Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. Тексеру комиссиясының қызметкерлерін іссапарға жіберу туралы бұйрықтардың жобаларын кадр қызметі ресімдейді.

135. Ісапарға жіберу туралы бұйрықта:

Іссапардың мақсатын көрсететін бұйрықтың кіріспесі;

іссапарға жіберілетін қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы, баратын жері және іссапар мерзімі;

іссапар шығыстарын төлеу туралы тапсырма;

іссапарға шығу үшін негіз қамтылуы тиіс.

136. Іссапарға жіберу туралы бұйрықтар іссапарға кеткенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей қол қойылуы тиіс. Іссапарға жіберілетін қызметкерге іссапарға кетерінің алдында жол жүруге, тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша шығыстарды төлеуге тиесілі сомалар шегінде ақшалай аванс және тәуліктік шығыстар беріледі. Қызметкер іссапардан оралған соң үш жұмыс күні ішінде Тексеру комиссиясына нақты жұмсалған ақшалай қаражаты туралы аванстық есеп беруге міндетті. Аванстық есепке белгіленген тәртіппен ресімделген іссапар куәлігі, тұрғын үй-жайды жалға алу және жол жүру шығыстары туралы құжаттар қоса беріледі.

137. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру мақсатында Тексеру комиссиясының қызметкерлері іссапарға, соның ішінде шетелге іссапарға жіберілген жағдайда, алған білімі мен дағдылары туралы ақпаратты қамтитын іссапар туралы есеп, сондай-ақ оқу материалдары мен бағдарламасы, оқудан өткенін растайтын құжаттың (дипломның, сертификаттың және басқалардың) көшірмесі оқу аяқталғаннан кейін бес күндік мерзімде Тексеру комиссиясының Төрағасына танысу үшін ұсынылады.

Іссапар туралы есеп қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеде сақталады.

13. Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің қызметтік куәліктерін ресімдеу, беру, есепке алу, сақтау және жою

138. Тексеру комиссиясы қызметкерінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі - куәлік) осы Регламентке 8-қосымшаға сай оның атқаратын лауазымын растайтын ресми құжат болып табылады.

Куәлік Тексеру комиссиясының жаңадан қабылданған қызметкерлеріне оларды лауазымға тағайындаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде беріледі.

Қолданылу мерзімі аяқталуға жақын куәліктерді ауыстыру оның мерзімі өткенге дейін кемінде бір ай бұрын алдын ала жүзеге асырылады.

Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің куәліктеріне Тексеру комиссиясының Төрағасы қол қояды.

139. Кадр қызметі берілген куәліктерді есепке алуды, оларда көрсетілген деректерді өзекті етуді ұйымдастырады, олардың қолданылу мерзімдерін мониторингілеуді және қызметкерлер жұмыстан босатылған кезде куәліктерді қайтаруды жүзеге асырады.

Кадр қызметі жаңадан қабылданған қызметкерлерді куәліктермен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында немесе ауыстыруды талап ететіндері бойынша қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге куәліктерді дайындауға өтінім жібереді.

140. Тексеру комиссиясының қызметкері куәліктің сақталуын қамтамасыз етеді, оны жоғалтқан жағдайда, бұл туралы жоғалту себебін көрсете отырып, кадр қызметін және Тексеру комиссиясыныңаппарат басшысын жазбаша түрде хабардар етеді.

141. Куәліктердің тозуы, қолданылу мерзімінің аяқталуы, жеке деректерді өзекті ету, қызметкерлердің жұмыстан босатылу себептеріне байланысты оларды жоюды Тексеру комиссиясыТөрағасының бұйрығымен құрылатынқұжаттардың құндылықтарын айқындау жөніндегі сараптама комиссиясы жүзеге асырады.

14. Тексеру комиссиясында істерді жүргізу тәртібі, бланктер және құжаттарға қол қою құқығы

142. Тексеру комиссиясында басқару қызметіне құжаттама жасауды ұйымдастыру тәртібі және қағаз тасығыштағы кұпия емес сипаттағы құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыру мен құжаттаманы басқару тәртібі Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

143. Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұйымдастырылады.

144. Құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімше құжаттарды тапсыруды, қабылдауды, сақтауды және оларды Тексеру комиссиясының мұрағатынан беруді жүзеге асырады.

Қабылданған істердің, сондай-ақ аудиторлық іс-шара материалдарының мұрағатта сақталуына және олардың уақытша пайдалануға берілуіне өзіне құжаттамалық қамтамасыз ету бойынша функциялар жүктелген құрылымдық бөлімшенің жауапты лауазымды адамы жауап береді.

145. Тексеру комиссиясы Төрағасының тиісті рұқсатынсыз аудиторлық есептің көшірмелерін жасауға тыйым салынады. Фирмалық бланктерге қол қою құқығы бар адамдар қол қойған құжаттар үшін дербес жауап береді.

146. Бекітілген номенклатура бойынша істерді, сондай-ақ аудиторлық іс-шараның материалдарын сақтау үшін Тексеру комиссиясында арнайы бөлінген кілтпен бекітілетін үй-жай (ағымдағы мұрағат) айқындалады.  

147. Тексеру комиссиясының стандарттарға сәйкес дайындалған фирмалық бланкі, қаулы бланкілері, аудиторлық есеп бланкілері, іссапар куәліктерінің бланкілері бар, оларды беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жүзеге асырылады.

148. Фирмалық бланкілерге қол қою құқығы - Тексеру комиссиясының Төрағасына, Тексеру комиссиясының мүшелеріне, Тексеру комиссиясының аппарат басшысына, ал аудиторлық есеп бланкілеріне қол қою құқығы - мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне берілген.

15. Азаматтардың өтініштерін қарау және оларды қабылдау тәртібі

149. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

150. Тексеру комиссиясының қызметкерлері азаматтар қабылдауды Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрығымен айқындалған алдын ала жазба бойынша ұйымдастырады.

151. Тексеру комиссиясының Төрағасы, Тексеру комиссиясының мүшелері азаматтар қабылдауды Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрығымен бекітілген кестеге сай жүзеге асырады.

152. Жоспарлауға, есептілікке, сараптамаға және ақпараттандыруға жауапты құрылымдық бөлімше Тексеру комиссиясының интернет-ресурсында азаматтарды қабылдау кестесін жариялауды жүзеге асырады.

153. Азаматтарды қабылдауды есепке алу журналында өтініш берушінің тегін, атын, әкесінің атын, оның жұмыс орнын, лауазымын, мекенжайын, өтініштің қысқаша мазмұнын, ол жөніндегі тапсырма мен оны қараудың нәтижелерін көрсете отырып, азаматтарды қабылдауды есепке алу жүргізіледі.

154. Азаматтарды қабылдау кезектілік тәртібімен жүргізіледі. Оны сақтау үшін өкілеттігіне қабылдауды ұйымдастыру кіретін бөлімше тізім жүргізеді. Ұлы Отан соғысына қатысушылар, оларға теңестірілген тұлғалар, мүгедектер, жүкті әйелдер кезектен тыс қабылданады.

155. Қабылдауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға келушінің қойған мәселелерін білікті шешуді қамтамасыз ету үшін оларды қарауға Тексеру комиссиясының қызметкерлерін тарта алады немесе олардан қажетті консультациялар алуына болады.

156. Егер Қазақстан Республикасының ратификациялаған халықаралық шарттарында оларды қараудың өзгеше қағидалары көзделмеген болса, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың өтініштері заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады. Қажет болған жағдайда қабылдау үшін аудармашы тартылады.

157. Егер өтініш немесе шағым қабылдау кезінде шешілмейтін болса, онда азаматтардың көтерген мәселелері жазбаша түрде баяндалып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралатын болады.

158. Егер келушінің өтінішіндегі мәселе Тексеру комиссиясының құзыретіне кірмейтін болса, онда қабылдауды жүргізуші оған қай ведомствоға (ұйымға немесе мекемеге) жүгінуі тиіс екендігін түсіндіреді және мүмкіндігінше осыған тиісінше жәрдем көрсетеді.

159. Азаматтарды қабылдауды есепке алу журналын қабылдауды ұйымдастыруға жауапты тұлға жүргізеді.

16. Тексеру комиссиясының ресми интернет-ресурсының жұмыс істеуін
қамтамасыз ету

160. Тексеру комиссиясының интернет-ресурсының құрылымы, ақпараттық материалдарды қалыптастыру және орналастыру тәртібі, сондай-ақ онда аудиторлық және өзге де іс-шаралар нәтижелерінің анық және толық көрсетілуі үшін жауапты тұлғалар Тексеру комиссиясы Төрағасының тиісті бұйрығымен айқындалады.

161. Тексеру комиссиясының интернет-ресурсы – Тексеру комиссиясының арнайы техникалық және бағдарламалық құралдардың көмегімен дайындалып, интернеттің жаһандық желісі арқылы электрондық-цифрлық нысанда жалпы ақпаратты таратуға арналған электрондық өкілдік беті.

162. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес, өнім беруші (бұдан әрі – өнім беруші) тексеру комиссиясының интернет-ресурсының техникалық жұмыс қабілеттілігін - техникалық сүйемелдеу, қызмет көрсету, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оны техникалық дамыту бөлігінде қамтамасыз етеді.

163. Интернет-ресурстың құрылымын Тексеру комиссиясының Төрағасы бекітеді және қажеттілігіне қарай өзектендірілуге жатады.

Тексеру комиссиясының интернет-ресурсының құрылымы бекітілгеннен кейін жауапты құрылымдық бөлімшелер өнім берушімен бірлесіп жаңа модульдерді орналастыруды, дизайнды өзгертуді, бөлімдер мен кіші бөлімдерді құруды, сондай-ақ оларды жоюды Тексеру комиссиясының аппарат басшысының атына жазылған қызметтік жазба арқылы жүзеге асырады.

Тексеру комиссиясының аппарат басшысының оң бұрыштамасы алынған кезде Тексеру комиссиясының интернет-ресурсының құрылымы өзектендіріліп, қайта бекітіледі.

164. Жаңа ақпаратты орналастырып, ескісін жоюды, дерекқорды қолдауды, жаңа веб-беттерді әзірлеуді жоспарлауға, есептілікке, сараптамаға және ақпараттандыруға жауапты құрылымдық бөлімше өнім берушімен бірлесіп жүзеге асырады.

165. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары өз құзыреті шегінде өздеріне бекітілген ақпараттық блок бойынша Тексеру комиссиясының интернет-ресурсын толықтыруға жауапты орындаушыларды осы Регламентке 9-қосымшаға сай нысан бойынша тағайындайды.

Құрылымдық бөлімшелердің жауапты орындаушылары Тексеру комиссиясыныңинтернет-ресурсының өздеріне бекітілген бөлімдеріндегі материалдардың өзекті болуын және толықтығын тұрақты негізде қадағалап отырады.

167. Жаңа материалдар Тексеру комиссиясының интернет-ресурсына орналастырылмастан бұрын:

1) мемлекеттік және орыс тілдерінің грамматикалық сәйкестігіне, соның ішінде орналастыру орындылығына, толықтығына, өзектілігіне және мазмұнына;

2) жоспарлауға, есептілікке, талдауға және ақпараттандыруға жауапты құрылымдық бөлімшеде ақпараттық материалдардың осы Регламентке сай ресімделуіне байланысты тексеруден өтуі тиіс.

168. Интернет-ресурсқа ақпараттық материалдарды орналастыруды және жоюды жауапты құрылымдық бөлімшелер Тексеру комиссиясыныңаппарат басшысының атына жазылған қызметтік жазба арқылы жүзеге асырады.

Тексеру комиссиясының интернет-ресурсына тиісті өзгерістер екі жұмыс күні ішінде енгізіледі.

169. Орналастыруға қажетті ақпараттық материал қызметтік жазбаға және электрондық түрде MS Excel, MS Word, PDF, JPEG форматындағы файлдармен тіркеледі. Ақпараттық материалды Excel форматындағы файлмен ұсынған кезде ақпараттық материал Excel-дің бір парағында орналасып, Excel-дің басқа парақтары жойылуы тиіс.

170. Word форматындағы файлдармен ұсынылатын ақпараттық материалдың шаблоны мынадай параметрлерге сәйкес келуі тиіс:

1) құжатты ресімдеу стилі – әдеттегідей;

2) беттің жиегі – жоғарғы, төменгі және сол жағы - 2,5 см, оң жағы - 1,5 см, колонтитулсыз;

3) бетке нөмір парақтың жоғарғы жағынан ортасына қойылады, бірінші бетке нөмір қойылмайды;

4) қаріп – Times New Roman, мөлшері - 14;

5) абзацты ресімдеу: бірінші жолдың шегінісі – 1,27см, жоларалық интервал – жалқы, сол және оң жағынан шегініс – 0 см, мәтінді теңестіру – көлденеңінен, тақырып – ортасында;

6) тізімді ресімдеу: тізімді нөмірлеу қолмен жазылады, нөмірдің орналасуы сол жағынан – 1,5 см, мәтіннің орналасуы – шегініс 0 см.

171. Ақпараттық материалдың атауы тіркелген нөмірі мен күні көрсетіле отырып толық көрсетіледі. Ақпараттық материал файлының атауы латын жазуымен беріледі.

172. Тексеру комиссиясыныңқызметкері отандық БАҚ-та Тексеру комиссиясыжәне оның қызметкерлері туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндекелеңсіз жарияланымдарды анықтаған жағдайда, бұл жөнінде бір жұмыс күні ішінде Тексеру комиссиясыныңТөрағасына және (немесе)Тексеру комиссиясыныңаппарат басшысына хабарлайды.

Тексеру комиссиясының Төрағасы және (немесе) аппарат басшысы Тексеру комиссиясының ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне кір келтіретін мәліметтерді теріске шығару туралы жауаптың не жарияланымның жобасын бес жұмыс күні ішінде дайындауға жауапты құрылымдық бөлімшені белгілейді. Егер келеңсіз ақпарат, соның ішінде Тексеру комиссиясыныңнақты қызметкеріне қатысты сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшілік алдында негізсіз айып БАҚ-та жарияланған болса, онда өзінің ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне кір келтіретін мәліметтерді теріске шығару туралы жауаптың не жарияланымның жобасын дайындауды осы қызметкер бір айлық мерзімде жүзеге асырады.

Дайындалған және Тексеру комиссиясыныңТөрағасымен және (немесе) аппарат басшысымен келісілген ақпарат тиісті БАҚ-тың редакциясына теріске шығарудың жариялануын немесе жауаптың берілуін талап ете отырып жіберіледі.

17. «Бақылау жүйесі» ақпараттық жүйесі

173. Жоспарлауға, есептілікке, сараптамаға және ақпараттандыруға жауапты құрылымдық бөлімше Бақылау жүйесі ведомстволық ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – Бақылау жүйесі):

тәуекелдерді басқару жүйесінің талаптарына сәйкес мемлекеттік аудит объектілері бойынша дерекқор қалыптастырады;

мемлекеттік аудит объектілерінің жыл сайынғы тізбесін қалыптастырады;

мемлекеттік аудит объектілерінде анықталған бұзушылықтарға тоқсан сайынғы мониторингіні жүзеге асырады.

174. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің қатысуымен Бақылау жүйесінде:

аудиторлық іс-шара бойынша сараптамалық қорытындыны толтырады;

құқық қорғау органдарына жолданған әкімшілік істердің, материалдардың есебін жүргізеді.

           175. Кадр қызметі Бақылау жүйесінде Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің тізімін өзектендіріп отырады.

           176. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімі Бақылау жүйесінде әрбір аудиторлық іс-шара бойынша материалдарды толтырады.

18. Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар материалдарды мониторингілеу және бақылау

177. Тексеру комиссиясының лауазымды адамдары қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар мемлекеттік аудит материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға қарау үшін жібереді.

178. Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше:

1) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар мемлекеттік аудит материалдарына;

2) әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар және Тексеру комиссиясы уәкілетті органдарға қарау үшін жіберетін мемлекеттік аудит материалдарына;

3) Тексеру комиссиясы толтыратын және сотқа қарау үшін жіберетін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларға мониторинг және бақылау жүргізеді.

Осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көзделген материалдарды жіберуді құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келіскеннен кейін мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.

179. Осы Регламенттің 178-тармағында көзделген материалдарға құқық бұзушылыққа жол берген адамдардың жазбаша түсініктемелері, лауазымды адамдардың қолымен немесе ұйымның мөрімен куәландырылған, анықталған құқық бұзушылық белгілерін растайтын құжаттардың түпнұсқаларының көшірмелері қоса беріледі.

180. Осы Регламенттің 178-тармағының 1) тармақшасында көзделген жіберілген материалдар бойынша құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше жіберілген материалдар бойынша қабылданған шешімдер туралы салыстырып тексеру актісінің жобасын қалыптастырады және Алматы қаласының прокуратурасына, сондай-ақ экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органдарға келісуге жібереді.

181. Осы Регламенттің 178-тармағының 2) тармақшасында көзделген жіберілген материалдар бойынша құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше осы Регламентке 10-қосымшаға сай нысан бойынша электрондық түрде құқық бұзушылық белгілері бар жіберілген материалдарды есепке алу кестесін жүргізеді.

182. Осы Регламенттің 178-тармағының 3) тармақшасында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы жіберілген хаттамалар бойынша құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше электрондық журналда есеп жүргізеді.

Сотқа қарау үшін жіберілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалардың көшірмелері құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеде сақталады.

183. Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше тоқсан қорытындысы бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей осы Регламенттің 178-тармағының 2) тармақшасындағы материалдар бойынша мәліметті қалыптастырады және мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге салыстырып тексеру және келісу үшін жібереді.

Мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше екі жұмыс күні ішінде аталған ақпаратты келіседі не оған толықтырулар мен өзгерістер енгізеді.

184. Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше жартыжылдықтан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей аппарат басшысына осы Регламенттің 178-тармағының 1) – 3) тармақшаларында көзделген материалдарды қарау нәтижелері туралы жинақтап қорытылған ақпаратты ұсынады.

19. Қорытынды ереже

185. Тексеру комиссиясының Төрағасы консультациялық-кеңесші және сараптама комиссияларын (кеңестерін) құруға құқылы, олардың қызметі тиісті ережемен және бұйрықпен айқындалады.

186. Құқық қорғау органдарымен және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдармен өзара іс-қимылдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.   

187. Мемлекеттік аудит топтарының тиісті басшылары және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыратын тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдарды дайындауға және материалдарды құқық қорғау органдарына беруге жауапты болады.

188. Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелері арасында ұйымдастыру сипатындағы келіспеушіліктер туындаған жағдайда, оларды Тексеру комиссиясының аппарат басшысы шешеді.

189. Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде мемлекеттік қызметшінің этикасына сәйкес, киімде іскерлік стильді ұстанады.

190. Осы Регламентті бұзғаны және орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілік көзделген.

                                                                                                       

Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының регламентіне 1-қосымша

Нысан

БЕКІТЕМІН

Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы

___________________ А.Ә.Т.
20__ жылғы «___» ______

Тексеру комиссиясының кезекті жылға арналған жұмыс жоспары

Р/с

Іс-шараның атауы Аяқталу нысаны Орындау мерзімі Орындауға жауаптылар
1 2 3 4 5
Талдамалық қызмет
         
Құқықтық қызмет
         
Ұйымдастыру жұмысы
         

                      


                                Алматы қаласы бойынша

                             тексеру комиссиясының регламентіне

             2-қосымша

Нысан

Аудит бағдарламасының орындалу барысы туралы
апта сайынғы жиынтық
ЕСЕП
  Аудиторлық іс-шара: ___________________________________________________________________
  Жүргізу мерзімі: 20_____ жылғы _______ аралығы
  Мемлекеттік аудит тобының құрамы (А.Ә.Т.)______________________________________________________________
                     
Р/с№ Мемлекеттік аудит объектісінің атауы Мемлекет-тік аудитпен қамтылған қаражат көлемі Есепті күнге анықталған бұзушылықтар сомасы (мемлекеттік аудит басталғаннан бастап ол аяқталғанға дейін)
Қаржылық бұзушылық-тардың жалпы сомасы оның ішінде Тиімсіз пайдала-нылған бюджет қаражаты-ның (активтер-дің) сомасы Өзге бұзушылық-тар, оның ішінде рәсімдік бұзушылық-тар Бұзушылық фактісін сипаттау, НҚА-ның бұзылған ережелеріне сілтеме жасау Ескерту (оның ішінде бұрынғы есептерде көрсетілген бұзушылық және кемшілік фактілері алынып тасталған жағдайда, негіздемесі көрсетіледі
өтелуге жатады қалпына келтіруге жатады бухесеп бойынша қалпына келтіруге жатады
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
                     
Барлығы                  
                     
Мемлекеттікаудиттобыбасшысыныңтегіжәнеаты-жөні (қолы) __________________________________________


Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының регламентіне 3-қосымша

Нысан

Тексеру комиссиясының отырысын өткізу тәртібі

Алматы қаласы                                                                                            Күні   уақыты

Тексеру комиссиясының Төрағасы А.Ә.Т.

Қайырлы күн!

Құрметті Тексеру комиссиясыныңмүшелері! Отырысқа қатысушылар!

Отырысты жүргізу үшін кворум бар, отырысты ашық деп жариялаймын.

Отырыста қарастыру үшін келесі мәселелер ұсынылып отыр:

1. Мәселе

2. Мәселе

3. .....

Күн тәртібі бойынша сұрақтар болмаса, күн тәртібін бекітуді ұсынамын.

Баяндамашы мен қосымша баяндамашыларға сөз сөйлеу үшін 10 минут дейін, ал сөз сөйлейтіндерге 3 минут дейін уақыт беруді ұсынамын.

Бақылау қорытындысын қарастыруға көшейік.

Тексеру комиссиясының20... жылғы .. - тоқсанға арналған жұмыс жоспарына сәйкес .......... пайдаланылу тиімділігін бақылау Тексеру комиссиясыныңмүшесі ........... басшылығымен жүргізілді.

Осы мәселе бойынша Тексеру комиссиясыныңотырысына:

- .............., сонымен қатар Тексеру комиссиясыныңқызметкерлері қатысып отыр.

Тексеру комиссиясының мүшесі А.Ә.Т. баяндама жасау үшін сөз беріледі.

Тексеру комиссиясының Төрағасы А.Ә.Т.:Тексеру комиссиясы мүшелерінің баяндамашыға қоятын сұрақтары бар ма?

А.Ә.Т.)?

***

Тексеру комиссиясының Төрағасы А.Ә.Т.: Егер жоқ болса, онда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісінің басшысы (лауазымы, А.Ә.Т.) сөз беріледі.

Тексеру комиссиясының Төрағасы А.Ә.Т.: Сөйлеушіге сұрақтарыңыз бар ма?

 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісінің басшысына сұрақтар.

  1. Сұрақ:

Анықтама:

  1. Сұрақ: .....

Анықтама:

Тексеру комиссиясының Төрағасы А.Ә.Т.: Талқыланып отырған мәселе бойынша сөз сөйлейтіндер бар ма?

(Тексеру комиссиясы мүшелерінің қаралып отырған мәселені талқылауы)

Тексеру комиссиясы Төрағасыныңмисситынды сөзі

Құрметті отырысқа қатысушылар, әріптестер! (қысқаша қорытынды).

Тексеру комиссиясының Төрағасы А.Ә.Т.

Осы мәселе бойынша шақырылғандар шыға берсе болады!

Тексеру комиссиясы қаулысының жобасын талқылау.

Тексеру комиссиясы қаулысының жобасы бойынша дауыс беру.

(талқылап, дауыс беруден кейін)

Тексеру комиссиясының Төрағасы А.Ә.Т.

Құрметті әріптестер!

Күн тәртібінің барлық мәселелерін қарап шықтық.

Отырысты жабық деп жариялаймын!

Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының регламентіне 4-қосымша

Нысан

Тексеру комиссиясы отырысының күн тәртібі

Алматы қаласы                                                                                            Күні

Уақыты

1. «….мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың қорытындысы туралы».

Баяндамашы Тексеру комиссиясының мүшесі

А.Ә.Т.

Аппарат басшысы А.Ә.Т.

Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының регламентіне 5-қосымша

Нысан

Тексеру комиссиясының отырысына шақырылғандардың

тізімі

Алматы қаласы                                                                                                 Күні

                                                                                                   Уақыты

Мемлекеттік органның атауы
1. А.Ә.Т. Лауазымы
2.    

Тексеру комиссиясының мүшесі А.Ә.Т.

Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының регламентіне 6-қосымша

Нысан

Тексеру комиссиясы отырысының хаттамасы

Алматы қаласы №___ күні

Күн тәртібі:

1. Аудиторлық іс-шараның атауы.

2. Жүргізілген мемлекеттік аудиттің сапасын бағалау.

1.

(Тексеру комиссиясының Төрағасы, сөз сөйлеушілердің А.Ә.Т.)

2.

(Тексеру комиссиясының Төрағасы комиссиясының Төрағасы ком)

Тексеру комиссиясының Төрағасы А.Ә.Т.

Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының регламентіне 7-қосымша

Нысан

Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің ____ жылға арналған еңбек
демалыстары кестесі

Р/с

Қызметкердің А.Ә.Т. Қызметкердің лауазымы Еңбек демалысының жоспарланған кезеңі (ай) Қызметкердің қолы
1 2 3 4 5
(құрылымдық бөлімшенің атауы)
11.        
22.        
33.        
(құрылымдық бөлімшенің атауы)
44.        
55.        
66.        

Ескертпе: құрылымдық бөлімшелер жаңадан қабылданған қызметкерлер болған кезде Тексеру комиссиясына жұмысқа алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кадр қызметіне кестеге өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жолдайды.

Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының регламентіне 8-қосымша

Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

1. Куәліктің мұқабасы жоғары сапалы теріден дайындалады. Куәліктің ашылған күйдегі мөлшері – 6,5х20 см.

2. КуәліктіңоңбетініңортасынаҚазақстанРеспубликасыМемлекеттікЕлтаңбасыныңалтынтүстібейнесіорналасқан, төменгіжағындақою-қызылтүстікуәліктердебаспақарпімен «ҚАЗАҚСТАНРЕСПУБЛИКАСЫ», одантөменірек «АЛМАТЫҚАЛАСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ» дегенжазуларорналасқан.

3. Куәліктің ішкі беті:

Сол беті (мемлекеттік тілде толтырылады): жоғарғы бөлігінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ» деген жазу болады;

төменде «УӘКІЛЕТТІ СЫРТҚЫ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ОРГАНЫ» деген жазу болады;

жазудың төменгі жағына 3х4 мөлшеріндегі жиектеме орналастырылып, оның көгілдір фонына алтынмен орындалған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленеді;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын бейнелеуге арналған жиектеменің оң жағында «№__ КУӘЛІК» деген жазу орналастырылады;

жазудың төменгі жағына жеке куәлікте көрсетілген деректерге сәйкес келетіндей болып басылған А.Ә.Т, сондай-ақ атқарып отырған лауазымы орналастырылады;

қызметкердің А.Ә.Т.-ның төменгі жағында куәліктің қолданылу мерзімі мемлекеттік тілде көрсетіледі (куәлік екі жыл мерзімге беріледі).

Оң беті (орыс тілінде толтырылады): жоғарғы бөлігінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН РЕВИЗИОННАЯ КОМИССИЯ ПО ГОРОДУ АЛМАТЫ» деген жазу болады;

төменде «УПОЛНОМОЧЕННЫЙ ОРГАН ВНЕШНЕГО ГОСУДАРСТВЕННОГО АУДИТА И ФИНАНСОВОГО КОНТРОЛЯ» деген жазу болады;

жазудың төменгі жағына 3х4 фотосуретке арналған жиектеме орналасады;

фотосуретке арналған жиектеменің оң жағында «УДОСТОВЕРЕНИЕ №__» деген жазу орналастырылады;

жазудың төменгі жағына жеке куәлікте көрсетілген деректерге сәйкес келетіндей болып басылған А.Ә.Т, сондай-ақ атқарып отырған лауазымы орналастырылады;

қызметкердің А.Ә.Т.-ның төменгі жағында «Председатель Ревизионной комиссии по городу Алматы» деген жазу және таратып жазылған Тексеру комиссиясы Төрағасының қолы болады.


Алматы қаласы бойынша

                             тексеру комиссиясының регламентіне

9-қосымша

www.revcom-almaty.gov.kz интернет-ресурсында ұсынылатын ақпараттың тізбесі

Айдардың және кіші айдардың атауы Айдарға жауапты Ақпаратты жаңарту мерзімі Ақпараттың мазмұны
1. Нормативтік-құқықтық актілер Әкімшілік-құқықтық бөлім, Жоспарлау, есептілік, талдау және ақпараттандыру бөлімі Қажетіне қарай Қазақстан Республикасының заңнамасы және басқа да нормативтік құқықтық актілер
2.

Төрағаның құттықтау сөзі

Төрағаның, Тексеру комиссиясы мүшелерінің өмірбаяны

Азаматтарды қабылдау кестесі

Басшылықтың сөйлеген сөздері және мақалалары

Жоспарлау, есептілік, сараптама және ақпараттандыру бөлімі

Персоналды басқару қызметі бөлімі (Кадр қызметі)

Әкімшілік-құқықтық бөлім

Сұрақтардың мазмұны бойынша құрылымдық бөлімшелер жауап береді

Төрағамен келісуіне қарай

Бір мезгілде

Тоқсан сайын

Іс-шараларға сәйкес

Құттықтау сөзі және фото

Өмірбаяндық мәліметтер,

Қызметтік тізім

Азаматтарды қабылдау күндері мен уақыты

Сөйлейтін сөздер мен мақалалар

3. Құрылым Персоналды басқару қызметі бөлімі (Кадр қызметі) Қажетіне қарай Тексеру комиссиясының құрылымы бойынша деректер
4. Қызмет регламенті Әкімшілік-құқықтық бөлім Деректердің жаңартылуына қарай Тексеру комиссиясының Регламенті
5. Ереже Әкімшілік-құқықтық бөлім Деректердің жаңартылуына қарай Тексеру комиссиясы туралы ереже
6. Мемлекеттік сатып алу жоспары Әкімшілік-құқықтық бөлім Деректердің өзектендірілуіне қарай Көшірілетін файл
7. Тексеру комиссиясының жұмыс жоспары Жоспарлау, есептілік, сараптама және ақпараттандыру бөлімі Деректердің өзектендірілуіне қарай Аудиторлық іс-шаралардың бекітілген, түзетілген және тоқсандық жоспарлары

8.

Баспасөз релиздері

- Бақылау іс-шараларының қорытындылары

- Жаңалықтар

Жоспарлау, есептілік, сараптама және ақпараттандыру бөлімі

Деректердің өзектендірілуіне қарай Бақылау іс-шаралары бойынша баспасөз релиздері жылдар бөлінісінде, Тексеру комиссиясының қызметі туралы өзекті жаңалықтар
9. Есеп Жоспарлау, есептілік, сараптама және ақпараттандыру бөлімі Жылына 1 рет ЖАО-ның есебіне бюджеттің атқарылуы туралы қорытынды
10. Байланыс Жоспарлау, есептілік, сараптама және ақпараттандыру бөлімі Қажетіне қарай Мекенжай, телефондар, электрондық мекенжай


             Алматы қаласы бойынша

                                                     тексеру комиссиясының регламентіне

                                                             10-қосымша

                       Нысан

Құқық бұзушылық белгілері бар берілген материалдарды есепке алу кестесі

Күні және шығ. № Материалдар немесе хаттама жолданған уәкілетті орган Құқық бұзушы-лық құрамы (ҚК немесе ӘҚБКо бабы) Залал сомасы, тг. Айыппұл сомасы, тг. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісі Жетекшілік ететін Тексеру комиссиясы-ның мүшесі Тексеру комиссиясы-ның аудиторлық іс-шараға жауапты қызметкері Шешімді қарау/ қабылдау сатысы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
                   


Пошта индексі - 050004
Мекен-жайы Алматы қ., Абылай хан д., 97
Қабылдау б. тел.: +7 (727) 272-10-78
E-mail: rcalmaty7@gmail.com